Начальник управления технической документации

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
256

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Жобалық, құрылыс-монтаж ұйымдарының, қажет болған жағдайда жабдықты өндіруші зауыттардың қатысуымен жабдықты кешенді сынақтан өткізу (жүктемесіз және жұмыс режимінде) кезінде техникалық құжаттаманың толық топтамасын қалыптастырады, технологиялық процестерді реттеу мен өндірістік қуаттарды және нысандарды уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етеді;

Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған, пайдалануға дайын нысандарды қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясына ұсынады және сол нысандарға қатысты қажетті құжаттарды ұсына отырып, техникалық құжаттама бөлігі бойынша қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады;

Құрылысы аяқталған және іске қосылған нысандардың техникалық құжаттамасын өнеркәсіптік торап шеңберіндегі жалпы пайдалану нысандарына жауапты өндірістік департаменттерге (кәсіпорындарға) белгіленген тәртіппен тапсырады;

«АлЭС» АҚ нысандарының құрылысын бекітілген жоспарлар мен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұйымдастырады, үйлестіреді және басқарады, сондай-ақ техникалық құжаттама бойынша өндірістік қуаттар мен құрылысы аяқталған нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді;

Жобалау және құрылыс барысында озық өндірістік және ақпараттық технологияларды қолдану, жобалау мен құрылыс нормалары мен стандарттарын сақтау арқылы негізгі капитал салымдарының тиімділігін қамтамасыз етеді;

Қоршаған орта, адам өмірі мен денсаулығы, мүлік үшін өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік стандарттар мен нормалар талаптарының, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де талаптардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды; жылуэнергетикалық және энергетикалық нысандар құрылысына, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, келісімшарттарға қосымша келісімдер мен ерекше шарттарды жасасуға мердігер ұйымдармен шарттарды белгіленген мерзімде жасасуды қамтамасыз етеді;

Мердігерге құрылыс алаңын ұсынуды, сондай-ақ алдын ала жобалық құжаттаманы, монтаждалуға тиіс жабдықты, аспаптар мен материалдарды (егер оларды қамтамасыз ету «АлЭС» АҚ-ға жүктелсе) тапсыруды жүзеге асырады;

Құрылысы аяқталған нысандардың, жұмыс кезеңдерінің, құрылыс-монтаж жұмыстарының, іске қосу-реттеу жұмыстарының техникалық құжаттамасын белгіленген мерзімдерде қабылдауды қамтамасыз етеді

Құрылыс жұмыстарының жобалар мен сметаларға, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қабылдау бойынша техникалық шарттарға сәйкес орындалуын техникалық құжаттама тұрғысынан бақылауды және техникалық қадағалауды жүзеге асырады;

Технологиялық және қосалқы жабдықтар мен материалдардың техникалық құжаттама бөлігіндегі өндірісін бақылауды жүзеге асырады;

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес технологиялық және өзге де жабдықтар мен материалдардың толықтығын, сапасын, жеткізу мерзімдерін тексереді және техникалық құжаттама бойынша инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын мониторингтейді;

ҚР заңнамасы мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес барлық есеп түрлерін жүргізіп, есептілікті дайындайды;

Талаптар:

  • Жоғары білім;
  • Құрылымдық бөлімшенің қызмет бағыты бойынша кемінде 6 жыл еңбек өтілі немесе жобалармен жұмыс істеу бойынша кемінде 6 жыл тәжірибе, сондай-ақ орындаушылар тобын басқаруда кемінде 5 жыл тәжірибе;

Жұмыс жағдайлары:

  • Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 08:00–17:00
  • Ақылы демалыс
  • Компания есебінен оқыту

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр