"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясы" филиалының Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясының Ақтөбе станциясының желілік-аппараттық залына қызмет көрсету бригадасының 1 санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыстарды жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
- Бекітілген Электр байланыс құрылғыларына қызмет көрсету және ақауларды уақтылы жою;
- Жедел және станциялық байланыстың цифрлық құрылғыларына қызмет көрсету барлық параметрлерді өлшеу;
- Тізбе бойынша қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамасының болуы (паспорт, схемалар және т. б.); қолданыстағы электр байланыс құрылғыларының бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес келуін бақылау;
- Аға электромеханикке қызмет көрсетілетін құрылғылардың сенімділігін арттыру, уақтылы жөндеу және ауыстыру жөнінде ұсыныстар беру;
- Бекітілген электрбайланыс құрылғыларына қызмет көрсету өлшеу жүргізе білу және ақауларды уақтылы жою құралдарын пайдалану;
- Теориялық және іс жүзінде қызмет көрсетілетін құрылғыларды білуге, олардың жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу қағидаларын міндетті түрде орындау кезінде жоғары сапалы құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу іскерлігін білуге міндетті.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік);
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс;
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Колледж