"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" филиалы тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Ақтөбе технологиялық орталығы (Ақтөбе есеп айырысу орталығы)1 санатты инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станциялардан тасымалдау құжаттарының уақтылы және толық түсуін бақылау.
- түйісу станцияларынан түсетін қосымша жол ведомостарын таксирлеу және кодтау;
- берілген жүктерге жол ведомостары бойынша жөнелту және беру станцияларының тасымалдау төлемдерін есептеуінің дұрыстығын тексеру;
- SAP жүйесіндегі тасымалдау төлемдерінің сомаларын және төлеушілердің кодтарын 17 жиынтығымен салыстыру;
- топтың жұмысын ұйымдастыру және жұмыста тоқтап қалудың алдын алу және тауар кассирлері арасында міндеттерді біркелкі бөлу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
- бағыныстағы қызметкерлердің назарына барлық технологиялық өзгерістерді жеткізу, жаңадан қабылданған қызметкерлердің технологиялық процесіне сәйкес оқыту мәселелерімен айналысу кестеге сәйкес техникалық оқу жүргізу арқылы топ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал етеді;
- құжаттарды өңдеуге қатысты келіп түскен жеделхаттар мен нұсқаулықтарды өңдеу және олардың сақталуын қамтамасыз ету; шешілетін мәселелер шеңбері бойынша "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарымен жұмыс;
- есеп айырысу орталығына келіп түсетін хаттар мен сұрау салуларды дайындау және пысықтау;
- тасымалдау құжаттарын ресімдеуде және тасымалдау үшін есеп айырысуды ұйымдастыруда анықталған бұзушылықтар бойынша МҚБЖ, ДС мекенжайына материал дайындау және есеп айырысу орталығының басшылығына ұсыну;
- мұрағатқа жіберу үшін құжаттарды жинау және тігу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); менеджмент; экономика; қаржы; коммерциялық қызмет (темір жол көлігінде)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы