өрт сөндіруші
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Мотопомпа, электростанция, өрт-техникаларының техникалықмүмкіндік-терімен материалдық бөлімдерін және жауынгерлік, қорғаныс киімдерімен құралдарын пайдалана білуге.
|
Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерінің талаптарын жұмыс орнында қатаң сақталуын білуге.
|
Өрт жеңдерін, жауынгерлік киімдерімен жеке қорғаныс құралдарын таза ұстап, ұқыпты пайдалануға.
|
Мотопомпаларды пайдалану ережесін өндіріс орнынан шыққаннұсқаулықта-рында көрсетілгендей қолдану ережеле-рін білуге және қатаң сақтауға.
|
Қарауыл басшысына сынған және ақаулы техникалар және жауынгерліккиімде-рімен жеке қорғаныс құралдары жөнінде мәлімет беруге.
|
Қарауыл ауысымы кезінде мотопомпаны оталдыру арқылы двигателдің міндетті түрде жұмыс жасауын тексеру,қабылдауқорытындысын қарауыл басшысына баяндауға. |
Жылу қазандықтарымен, жылу жүйесімен жұмыс жасаудың нұсқаулықтарын білуге және сол бойынша жұмыс жасауға. |
Жүк пойыздарының құрамында мақта және аса қауіпті жүктертиелген вагондар-дың келіп кеткені жөнінде ақпараттарды тіркеужурналын жүргізіпжасақтың орталық байланыс пунктінің диспетчеріне баяндап отыруға. |
Апаттық жағдайларды тіркеужурналын ашып болған жағдайда өрт сөндіру пойызының бастығына баяндап және жасақтың орталық байланыс пунктінің диспетчеріне хабарлап отыруға. |
Жүргізілген өрттің алдын-алужұмыс-тарын уақытылы жасақтың орталықбайланыс пунктінің диспетчеріне беруге. |
Өндірістік қажеттіліке байланысты бөлімше бастығы немесеөртсөндіру-шінің міндетін уақытша атқаруына. |
Төтенше немесе апаттық жағдайларды жою мақсатында шақырғанда өрт сөндіру пойызына немесе оқиға болып жатқан жерге өрт сөндіруқұрамымен бірге келуге. |
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындық
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, Пайдалану
Мамандығы: Өрт қауіпсіздігі. темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару, Автоматтандыру, телеметрия және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; Темір жолдар, теміржол құрылыстары, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары құрылысы
Жұмыс тәжірибесі: талаптар жоқ
Қосымша талаптар:
- Жұмысшының негізгі еңбек міндеттеріне жатады:
- Еңбек және орындау тәртібін сақтауға
- Сапалы және уақытында міндеттерін осы лауазымдық нұсқаудағыдай орындауға
- Басшылықтың берген тапсырмасын орындауға.
- Қоғамныңбасқа жұмыскерлеріне силастықпен қарауға, өзін-өзі ұстау этикасын сақтауға
- Кәсіптік сапасының деңгейін көтеріп, атсалысып өзінің тәжірбиесін қолданып әріптестерінің еңбек міндеттерін орындауға қолдау көрсетуге.
- Жұмыс кезінде тиянақты болып киім үлгісін қолдануға.
- Қазақстан Республикасының заңдылық ережелерімен талаптарын, мемлекеттік ұйымның актілерін және акционерлік қоғамның актілерін, басқада құжаттарын қадағалауға.
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мүддесін қорғауда өзінің кәсіби міндетін адал, жауапкершілікпен атқаруға және жанжал туғызбауға.
- Өз ұжымында өзінің жұмысқа деген жауапкершілігімен үлгі боларлықтай өзінің жүріс-тұрысымен моральды-психологиялық жағдай жасауға.
- Өзіне қолданысқа берілген мүлікті ұқыпты пайдалануға, оның сақталуына және өз әріптестеріне берілген мүліктерге ұқыпты қарауға.
- Еңбек шартын, корпаративтік басшылығының кодексі және қоғамның жергілікті актісінің талаптарын сақтауға (жұмыс берушінің)
- Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтауға
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру