Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері

ЖШС «GPC Investment» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
73

Қаралған саны:
978

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобалау барысын үйлестіруге қатысу. Сондай-ақ жобалауға техникалық тапсырма әзірлеуге тікелей қатысады;

  • Жобалық шешімдерді тексеру, бекітілген техникалық тапсырмаға сәйкес техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістерді қарау және бекіту;

  • Құрылыс алаңына келген жабдықты кіріс бақылауға қатысу;

  • Мердігер ұйымдарға жобалау және басқа да жұмыстар бойынша техникалық тапсырмалар әзірлеуге қатысу, шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

  • Өз бағыты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жасау және монтаж жұмыстарының ұтымды жүруі үшін басымдықтарды белгілеу;

  • Газды кәдеге жарату және жұмыстардың қауіпсіздігін арттыру бағдарламасын іске асыру үшін жылдық тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды дайындауға қатысу;

  • Жұмыс бағдарламасының орындалуы бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді дайындауға қатысу, Компания есептеріне түсіндірме жазба дайындау;

  • Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы жүргізу және оның сақталуын қамтамасыз ету;

  • Өз мамандығы бойынша жұмыстарды орындау мен нысандарды пайдалану кезеңдерінің барлық сатысында техникалық бағалау және бақылау жүргізу;

  • Техникалық құралдарды тиімді пайдалану үшін болашақ және жылдық жұмыс жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге қатысу;

  • Еңбек тәртібі ережелерін, өндірістік тәртіпті, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген қауіпсіздік, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды сақтау және орындау.


Талаптар:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ серіктестіктің қызмет бағыты бойынша ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарын басшылыққа алу қабілеті;

  • ПТО жұмыс істеу шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жұмысты ұйымдастыра білу;

  • Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Access), Internet Explorer, Outlook, SAP, СЭД, AutoCAD, AspenHysys бағдарламалық өнімдерін пайдалана отырып, дербес компьютермен тәжірибелі қолданушы деңгейінде жұмыс істей білу;

  • Тілдерді білу: қазақ, орыс, ағылшын;

  • Газды қайта өңдеу саласындағы жұмыс тәжірибесі;

  • Іске қосу-жөндеу жұмыстарының тәжірибесі;

  • Технологиялық құбырөткізгіштерді қысыммен сынау тәжірибесі (монтаждан кейінгі беріктікке және тығыздыққа пневматикалық сынау);

  • Технологиялық жабдықты гидросынау, мерзімді инспекция жүргізу;

  • Түрлі технологиялық жабдықтардың және олардың ішкі бөлшектерінің жұмыс істеу негіздерін білу;

  • Түрлі техникалық құжаттамалар мен сызбаларды оқи және жасай білу тәжірибесі.


Жұмыс шарттары:

Жұмыс кестесі 5/2, кеңсе: Құлманов көшесі, 121, Атырау қаласы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр