КД ТКБ ШИКІЗАТТЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ТИЕЛУІН ЕСЕПКЕ АЛУ БӨЛІМІНІҢ ТАУАР ТОБЫНЫҢ 4 РАЗРЯДТЫ ТАУАР ОПЕРАТОРЫ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
175

   Конкурс туралы

Болуы тиіс:

  • техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі. 

Білуі тиіс:          

  • «ПҚОП» ЖШС, темір жол, жүк жөнелтушілер, мұнайды жабдықтаушылар арасындағы шарттық құжаттардың талаптарына сәйкес тиелетін өнімге құжаттарды ресімдеу тәртібін және қағидаларын;
  • эстакалалардың, АНҚҚ мақсатын, олардың арасындағы өзара байланысын, құю/құйып алулардың технологиялық сұлбасын, АЕ-312, байланыс және хабарлау құралдарын, өрт сөндіру жүйелерін, СТМ-10, «Сирена» газ талдауыштар жүйелерін;
  • мұнай және мұнай өнімдерін құю және құйып алу кезіндегі материалдық ағымдарды (теңгерімін) жасауды, резервуарлардағы, вагонцистерналардағы мұнай өнімдерінің санын есептеу тәсілдерін;
  • мұнай және мұнай өнімдерінің құю және құйып алу кезіндегі шығындарының негізгі себептерін, сондай-ақ оларды жою әдістерін.
  • зауыттың кірме жолдарын пайдалануға т/жолмен Шарттардың талаптарын, Жүк тасымалдау қағидаларын, Қауіпті жүк тасымалдау қағидаларын, СМГС қағидаларын;
  • мұнай және мұнай өнімдерін құюға арналған в/цистерналарды беру, мұнайды, газ конденсатын құйып алу тәртібін және оларды құйып алғаннан және құйғаннан кейін жинап алу тәртібін;
  • в/цистерналардың құрылғысын, мұнай және мұнай өнімдерін құйып алу және құю тәртібін, мерзімдерін, в/цистерналарды пломабалау қағидаларын;
  • қолданылатын заттардың қауіптілігі мен зияндылығын, мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі физикалық-химиялық қасиетін;
  • вагондық таразылардың жұмыс істеу принциптерін, вагондарды өлшеу тәртібін және нетто салмағының есептемесін, «ScaleExpert» бағдарламасын;
  • вагонцистерналардағы мұнай және мұнай өнімдерінің салмағын анықтау тәртібін, тығыздықты, температураны, в/цистерналарды толтырудың биіктігін анықтау тәсілдерін, калибрлеу кестелерін пайдалану тәртібін, температураға байланысты салмақты қайта есептеу әдістерін, өлшеу құрал-саймандарын пайдалану тәртібін және қағидаларын және в/цистерналардан сынама алу тәртібін;
  • в/цистерналарды булау-жуу стансаларында (БЖС) дайындау тәртібін және МЕМСТ бойынша операцияларды, жарамдылық туралы актілерді және ГУ-23 жалпы нысандағы актілерді жасау тәртібін;
  • мұнай өнімдерін тиеуді және шикізатты құйып алуды ресімдеу бойынша компьютерлік бағдарламаны, Word, Excel; SAP R/3 компьютерлік бағдарламаларды;
  • құйып алу-құю эстакадалары және АНҚҚ учаскесіндегі апатты жою жоспарының шұғыл бөлімін, шұғыл шақыру телефондарын: 2301, 2201 өрт бөлімі, 2361, 2275 зауыт диспечері, 2302, 2034 газдан құтқару жасағы, 2303 мед.пункт;
  • «ПетроҚазақстан» компаниясының Саясаттары мен Процедураларын, өндірістік нұсқауларды, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі, өндірістік санитария жөніндегі нұсқаулықтарды, ішкі еңбек тәртібін.

Қажетті дағдылар:

  • жауаптылық, тез тілтабысқыштық,
  • күйзеліс жағдайларда және қысыммен жұмыс істеу қабілеті,
  • командада жұмыс істеу.