«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды материалдық-техникалық жабдықтау базасы өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты инженері

358825 - 374943
Карагандинская база материально-технического снабжения Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
70

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Материалдар тобын жүргізеді: ағаш, құрылыс материалдары, аспаптар, энергетикалық, электротехникалық, СОБ және байланыс жабдықтары, кабельдік және өткізгіш өнімдер, қосалқы бөлшектер, лак-бояу өнімдері, жолдың жоғарғы құрылымының материалдары, химикаттар, асбестцемент бұйымдары, металл прокат, прекурсорлар, пиротехникалық бұйымдар, арнайы киім және ЖҚҚ;
  • дирекциядан орындауға ұсынылған шарттар талаптарының орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Дирекция шарттары бойынша тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау актілерінің тізілімін жасайды;
  • Дирекцияға жөнелтілген ТМҚ тізбесін ұсынады;
  • Дирекцияға ТМҚ қалдықтарының тізбесі бойынша жедел ақпарат береді;
  • бекітілген топ бойынша шоттарды ұсынудың дұрыстығын ұдайы бақылайды, келіп түскен материалдардың сапасына, санына бақылау жүргізеді;
  • Материалдарды дұрыс қабылдауға және босатуға жауап береді, сапасыз тауар жеткізілген жағдайда сәйкессіздік актісін жасайды;
  • материалдарды сақтаудың дұрыстығына тұрақты бақылау жүргізеді;
  • белгіленген нысан бойынша есепті жоғары тұрған ұйымға уақтылы ұсынады;
  • материалдарды түгендеуге, бағалауға және есептен шығаруға қатысады, өтімді емес өндірістік қорлардың пайда болу себептерін зерттейді, оларды сату бойынша шаралар қабылдайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы