«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жүйелік қызметтер бөлімінің 1-санатты маманы
Лауазымдық міндеттері:
- ЖҚБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Филиалдың, «KEGOC» АҚ басшылығының тапсырмаларын орындайды, олардың орындалуын бақылайды;
- ЖҚБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтінімдерді, өтініштер мен хаттарды зерделейді, түсініктемелер мен ресми жауаптар дайындайды;
- «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (бұдан әрі – АД) құрылымдық бөлімшелеріне, Филиалдарға, «KEGOC» АҚ еншілес ұйымдарына (бұдан әрі - ЕҰ) ЖҚБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
- ЖҚБ құзыретіне жататын жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, аудиторлық компаниялардың, АД басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің сұраулары бойынша есептерді, ақпараттарды, баяндамаларды қалыптастырады, дайындайды және ұсынады.
- Жүйелік қызметтер көрсетуге арналған шарттарды басқару» «KEGOC» АҚ стандартына сәйкес ҰЭТ пайдалану бойынша жүйелік қызмет көрсетуге арналған орталықтандырылмаған шарттар мен қосымша келісімдерді ресімдейді және жасайды.
- Шарттарға қол қою кезінде және іске асыру барысында туындаған келіспеушіліктерді реттейді, контрагенттердің шарттарды толық іске асырғанға дейін олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда шарттардың жасалу барысы, орындалуы және олар бойынша өзара есеп айырысулардың жайы туралы АлмЖЭТФ тиісті құрылымдық бөлімшелерін хабардар етеді.
- Орталықтандырылған шарттар бойынша қосымшаларды және ҰЭТ пайдалану бойынша жүйелік қызметтер көрсетуге арналған қосымша келісімдерді әзірлейді және басқа құрылымдық бөлімшелермен келіседі;
- Биллингтік жүйеге ҰЭТ пайдалану жөніндегі қызметтердің шарттық деректерін енгізуді жүзеге асырады;
- ҰЭТ-ты пайдалану қызметі бойынша ЖҚД, ЖжЭТД-ға мерзімді есептік деректерді жасайды;
- ЖҚБ жетекшілік ететін шығындар баптары бойынша «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтерді қайта қарауға негіздеуші материалдарды белгіленген тәртіппен дайындауға қатысады;
- Электр энергиясын тұтынудың нақты балансы негізінде жасалған шарттар шеңберінде нақты көлемдерді бақылауды жүзеге асырады;
- ЖҚБ құзыретіне кіретін ҰЭТ және ЭТН мәселелері бойынша өтінімдерді, өтініштер мен хаттарды қарайды, түсініктемелер мен ресми жауаптар дайындайды.
Талаптар:
Білім деңгейі |
Жоғары |
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Бейінді электр энергетикасы |
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
Электр энергетикасы саласында |
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
2-санатты маман лауазымында кемінде 2 жыл/ маман лауазымында кемінде 5 жыл |
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру және ұлттық электр торабын пайдалану жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу әдістемесін, шарттық-құқықтық жұмысты жүргізу қағидаларын, теңгерімдеуші нарық жүйесі (ЭТН) кешенінің жұмысын білуді білуге тиіс |
Лицензиялар, сертификаттар |
Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн |
Қосымша талаптар |
· MS office тәжірибелі пайдаланушысы; · Қазақ, орыс тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 162/7
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 21.07.2025ж. дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар


