"ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Астана станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы

от 262803
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
147

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • кезекшілікке кірер алдында планерлік кеңесте өткізілетін нысаналы нұсқамадан өту
  • нысанды киім кию
  • білім деңгейін арттыру мақсатында техникалық сабақтарға қатысу
  • АБЖ жүйесінде қабылдау-жөнелту парктеріне қойылатын қалыптастырылғын құрамдар вагондарының, қабылдау-жөнелту парктерінде салмақ нормасын азайту бойынша ағытылған және қалыптастыру паркіне қалдырылатын вагондардың нөмірлеріәнен сапалы заьттай есептен шығару
  • кезекшілікке кірген кезде ьасшылық бұйрықтармен және нұсқаулармен танысу, тапсырушыдан құрамдарды қалыптастыру бойынша аяқталмаған операциялар туралы анықтау, қағаздың болуын, ПК жабдықтар мен мүкәммалдың жарамдылығын тексеру
  • қалыптастыру паркі бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша жол паркін АСУ СТ 05 қатынасында қоя отырып, заттай есептен шығаруды жүзеге асыру
  • станция саябақтарында болған кезде арнайы киім мен аяқ киім сигналдық көкірекше кию
  • пайдаланушыларға вагондардың есептен шығарылған нөмірлерінің тізбесін (вагондар тізімі), локомотивтерді, жылжымалы бірліетерді сұрыптау дөңесіны станциялық технологиялық оталыққа АСУ СТ жүйесі арқылы беру
  • пайдаланушыларды телефон байланыс құралдарды немесе коммутатор арқылы заттай есептен  шығарудың аяқталғаны туралы хабардар ету
  • қабылдау-жөнелту парктерінен поезд құрамында жөнелту үшін қалыптастыру паркіне ауыстырылатын локомотивтерді тіркеуді жүргізу. Жинақтауыштың аға операторынан және ілеспе адамнан локомотивке құжаттың табылуын анықтау. Локомотивке құжаттың болуы туралы ГУ-23 жалпы нысанындағы актілерді жасау, актіде ілеспе жүрушінің тегі мен оның қолы көрсетіле отырып

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары, арнайы орта
Мамандығы: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
Жқмыс тәжірибесі: өтілге ұсынбай

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)