Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері
Бас маманның міндеттеріне:
- Филиалда еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, құрылымдық бөлімшелерде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, экология, АҚ және ТЖ жөніндегі іс-шаралардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
- Жұмыс берушінің атынан жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы қызметкерлерді хабардар ету.
- Ғимараттардың, жабдықтардың техникалық жай-күйінің олардың нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексерістерді, зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру. Олардың уақтылы жүргізілуін бақылау.
- Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, еңбек пен демалыстың тиімді режимдерін жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу.
- Жазатайым оқиғаларды қарауға және олардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеуге қатысу.
- Кіріспе және қайталама нұсқаулар өткізуді, Филиал қызметкерлерінің еңбегін қорғау бойынша оқуды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.
- Филиалдың бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылау.
- Филиалдың бөлімшелерінде еңбекті қорғау, ҚОҚ, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша насихаттау жүргізу және хабардар ету.
- Еңбек қорғау, ҚОҚ, АҚ және ТЖ бойынша қолданысқа енгізілетін жаңа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді Филиал қызметкерлерінің назарына жеткізу. Белгіленген нысандар бойынша есептілікті жасау.
- Еңбек қорғау мәселелері бойынша медициналық мекемелермен, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдармен байланысты жүзеге асыру және олардың ұсынымдарын енгізу жөнінде шаралар қабылдау.
- Алматы қаласының және Алматы облысының төтенше жағдайлар саласындағы төтенше жағдайлар департаменттерімен, мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармаларымен, қаланың, облыстың, ауданның АҚ және ТЖ қызметтерімен өзара іс-қимылды қолдау және орнату.
- АҚ командалық-басқару құрамын, құралымдардың мүшелерін, АҚ құралымдарына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілерді азаматтық қорғаныс мәселелері мен іс-шаралары және төтенше жағдайлардағы жеке құрамның іс-қимылдары бойынша даярлауды жоспарлау және ұйымдастыру.
- Филиалдың басқарма органдарының, байланыс және хабарлау жүйелерінің, күштері мен құралдарының ТЖ кезіндегі іс-қимылдарына дайындығын қамтамасыз ету.
- ТЖ жөніндегі комиссияны құру мен оның жұмысына, сондай-ақ АҚ және ТЖ бойынша өзге де комиссиялардың жұмысына қатысу.
- АҚ бойынша барлық іс-шаралардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру кіреді.
Талаптар:
Бас маманның тиісті бағыт бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттары:
Қалыпты
Ұқсас вакансиялар

Негізгі маман (өнеркәсіптік қауіпсіздік) Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау басқармасы
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
17.07.2025 | 74

Главный специалист (по безопасности и охране труда) Управления промышленной безопасности и охраны труда
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
17.07.2025 | 35
"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының Астана пайдалану локомотив депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Инженер-технологы
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.07.2025 | 66
359549 - 375620