"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі" Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы филиалының Түлкібас ст. 2 тобы учаскесінің (байланыс желісі ауданының) бастығы

от 206986
Шымкентская дистанция электроснабжения Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
170

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жай-күйін, апатсыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеу мен жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
  • техникалық құралдарды орнатуға, орналастыруға, монтаждауға және тексеруге қатысады;
  • бригаданың технологиялық процесті, құрылғыларды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі Қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • аппаратураның жай-күйі мен жөнделуіне техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді;
  • материалдар мен электр энергиясын үнемді жұмсау бойынша іс-шаралар өткізеді. Бекітілген жабдықты тексеру және ағымдағы жөндеу жоспарларын жасайды. Аппаратураның істен шығу себептерін талдайды және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
  • схемалардың, сипаттамалардың, аспаптардың сақталуын, қызмет көрсетілетін жабдыққа техникалық паспорттар мен формулярларды толтыруды қамтамасыз етеді;
  • бекітілген техникалық құралдардың сенімділігін, жұмыс сапасын арттыру, қолданыстағы құрылғыларды игеру және жаңғырту, жабдықтардың аварияларының себептерін тексеру және авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/орта техникалық, орта кәсіптік
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу 
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: қызмет бейіні бойынша электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясының телемеханика, есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер тобының жетекші инженері
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
17.07.2025 |  355
316848 - 431506
"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясының телемеханика, есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер тобының жетекші инженері
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
17.07.2025 |  27
416848 - 431506
«KEGOC» АҚ
Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Релелік қорғаныш және электроавтоматика қызметі Релелік қорғаныш және автоматиканың электромеханикалық құрылғыларының өндірістік зертхананың инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу | Екібастұз қ.
17.07.2025 |  82
297100 - 297100 KZT