Ерейментау стансасындағы қалпына келтіру пойызының кран машинисі «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Кранның авариясыз жұмысын қамтамасыз ету, кранды техникалық түзу жай-күйде күтіп-ұстау.
Кранның құрылғысын білу, дайындаушы-зауыттың пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу ережелерін, нұсқаулары мен сұлбаларын сақтау.
Техникалық қызмет көрсетудің түрлері мен кезеңділігін білу, кранның түзу техникалық жай-күйін қамтамасыз ететін профилактикалық жұмыстарды орындау.
Қызмет көрсетілетін кранның, механизмдердің, электротехникалардың кинематикалық және электр сұлбаларын және сілесірлік істі білу.
Жұмыста кранның тұрақтылығына әсер ететін факторларды есепке алу, майлау материалдарының маркаларын, жүктерді қармаудың қауіпсіз тәсілдерін, жүктерді қармаудың сұлбаларын, аралықтарда, станцияларда және электр беріліс желілерінің жанында жұмыс істеу тәртібін білу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), арнайландырылған оқу орталығында мамандығы бойынша дайындықМамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялары, Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электрмен жабдықтау, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару. Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару, Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Еңбек өтілі: 1 жылдан кем болмауы тиіс
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж