«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының ДСЗ зертханасының инженері (Атырау қ., КҚК жобасы)
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.- Құрылған күні:
-
20.06.2025
- Берілген өтінім:
- 16
- Қаралған саны:
- 1337
Міндеттері:
1) бұзбай бақылау әдісін жүргізгеннен кейін технологиялық жабдықтың (құбырлардың, резервуарлардың, сорғы жабдығының, бекіту арматурасының, металл конструкцияларының және өзге де жабдықтардың) дәнекерленген қосылыстарының сапасы және металының жай-күйі бойынша қорытындыларды, актілерді бақылауды жүзеге асыру және беру;
2) жұмыс орнында тікелей Акт беріліп, қолданыстағы магистральдық және технологиялық құбырларда қосымша дефектоскопиялық бақылауды уақтылы жүргізу;
3) зертхананы дефектоскопиялық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттамамен, жабдықпен қамтамасыз ету;
4) жұмыс түрі мен орындалу мерзімдерін көрсете отырып, апталық жоспарларды әзірлеуге, зертхананың өндірістік қызметіне қатысу, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуы туралы есептерді ұсыну;
5) рұқсат беру құжаттамасын уақтылы ресімдеу, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу және термолюминесцентті дозиметрлерді (бұдан әрі - ТЛД) пайдалана отырып, персоналдың жеке сәулелену дозаларын тұрақты бақылау мен есепке алуды жүргізу құқығына ақпараттық картаны толтыру;
6) калибрлеу және тексеру, құрылыстар мен жабдықтардың жұмысын автоматты бақылау, реттеу және басқару үшін өлшеу құралдарын міндетті Мемлекеттік тексеру талаптары белгіленген мерзімдерде ұсыну;
7) тікелей басшымен және Қоғам мен Басқарманың ішкі құжаттарымен жүктелген бұзбайтын бақылау бойынша міндеттерді жүзеге асыру.
Келесі салада лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер, басқа басшылыққа алынатын, әдістемелік және нормативтік актілер;
2) Қазақстан Республикасының Экологиялық және Еңбек кодекстерінің нормалары мен талаптары;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары;
4) негізгі өндірістік және басқарушылық процестері;
5) қауіптілігі жоғары жұмыстарды, газ қауіпті және отқа қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету;
6) бұзбайтын бақылау үшін қолданылатын аппаратура жұмысының қағидаттары;
7) сәулеленудің әртүрлі түрлерін алу қағидаттары және олардың трансмиссиялық затпен өзара іс-қимылы;
8) ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандарттардың талаптары;
9) ҚР СТ ISO/IEC 17025 сәйкес сынақ зертханаларында сапа менеджменті жүйесінің негіздері;
10) ҚР СТ 1928-2023 сәйкес базалық деңгейде мемлекеттік тілді білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
2) ақпаратты жинау, жүйелеу мен талдау;
3) шешімдерді уақтылы қабылдау және іске асыру, міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, болжауды талдау;
4) регламенттеуші және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу;
5) өзін-өзі басқару, коммуникация және топтық жұмыс контекстіндегі көзқарастарды үйлестіру мәдениеті.
Талаптары:
- Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- Бақылау әдістері бойынша біліктіліктің II деңгейінен төмен емес бұзбайтын бақылау куәліктер ((ВӨБ, РБ, УДБ, ҚТБ, МҰБ);
- Өткен оқу бойынша «Өрт-техникалық минимум» куәлігі;
- Өткен оқу бойынша «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» куәлігі;
- Өткен оқу бойынша «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» куәлігі.
Шарттары:
5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.
Медициналық сақтандыру.
Оқыту және кәсіби даму.
Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау.
Кәсіби ұжым.
Жұмыс орны: Атырау облысы, Атырау қаласы, Орал тас жолының 5 км.
Қажетті қабілеттер
- планирование и организация работы
- специалист по неразрушающему контролю II уровня
- основные методы неразрушающего контроля, диагностика технологического оборудования и трубопроводов
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Өндіріс
Ұқсас вакансиялар


