жолсерік

230739 - 240814
ВЧД-8 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
40

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

. Тежегіш сынау вагонының жолсерігінің жалпы қызметтік міндеттері:

1) еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

2) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақытылы орындау;

3) Қоғамның Іскерлік әдеп кодексін, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдеп стандарттармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

4) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;

5) басшылықтың тапсырмаларын орындау;

6) Қоғамның жергiлiктi нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау және ресми құжаттарды қарау және шешiмдер қабылдау кезiнде бюрократиялық көрiнiстерге жол бермеу;

7) еңбек шартын, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін және Қоғамның (жұмыс берушінің) өзге де жергілікті актілерін сақтау;

8) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар мен Жалғыз акционер актілерінің  нормаларын мен талаптарын және Қоғамның қызметіне қатысты басқа да құжаттарды сақтау;

9) құпиялылық стандарттарын және Қоғамның жергілікті нормативтік құқықтық актілерін бұзбай сенімді ақпаратты уақытылы ұсыну;

10) өзiнiң пайдалануында мүлiкке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарау;

11) жұмыс орнында  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарын сақтау;

12) орындалатын процестер мен операциялар шегінде қауіптерді сәйкестендіру және жетілдіру, сондай-ақ тәуекелдерді барынша азайту және басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру