Ерейментау өрт сөндіру пойызының өрт сөндірушісі «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы

249274 - 262845
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
67

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Өрт-техникалық жарақпен, өрт сөндіру жеңдерімен және өрт сөндіру поезының (автомобильдің) басқа да жабдықтарымен өртте жұмыс істеудің материалдық бөлігін, техникалық мүмкіндіктерін, ережелері мен тәсілдерін білу.
Өрт сөндіру кезінде, сабақтарда және қызмет атқару кезінде өрт-техникалық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде еңбек тәртібін, Техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
Кезекшілік бойы объектіде қалыптасатын жағдайды зерделеу мен білу және күзетілетін объектіде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қарауылдың қызмет атқаруы бойынша өрт сөндіру поезының қарауыл бастығы әзірлейтін іс-шараларды орындау.
Магистральдық желіге шығу кезінде ТТС, ЖС және ТЖЖ бар локомотивтердің, контейнерлердің өртке қарсы жай-күйін тексеру (бөлімше бастығы болмағанда).  
Бекітілген өрт-техникалық жарақты, жеке жабдықты, жауынгерлік киімдерді және жеке қорғау құралдарын түзу және таза жай-күйде күтіп-ұстау.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындық
Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар); Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
Еңбек өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды
Орта, өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау бойынша арнайы дайындық болма, еңбек өтіліне және мамандыққа талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж