«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы инфрақұрылымдық даму секторының жетекші инженері

от 555797
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
47

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін ұсыныстар дайындаумен қарайды;
  • магистральдық инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде транзиттік дәліздерде жаңғырту бойынша мәселелерді техникалық сүйемелдеуді және пысықтауды орындайды;
  • жаңа теміржол желілерін салуға байланысты мәселелерді техникалық сүйемелдеуді және пысықтауды орындайды;
  • жүйелік инфрақұрылым ретінде анықталған магистральдық инфрақұрылым объектілерін жобалауға бастапқы деректерді алу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • материалдарды, кеңестердің хаттамаларын дайындайды, магистральдық инфрақұрылым объектілерін жобалау барысы туралы ақпарат ұсынады;
  • магистральдық инфрақұрылым объектілерін жобалау мәселелері бойынша жобалау ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • жобалау тобының күшімен магистральдық инфрақұрылым объектілерін жобалауға бастапқы деректерді алу бойынша жұмысты орындайды;
  • жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға қатысады;
  • Жаңа т.ж. объектілерді жобалаудың, олардың құрылысының бүкіл кезеңі ішінде туындайтын техникалық мәселелерді шешуге қатысады;
  • жобалық қуаттарды іске қосу және игеру жөніндегі жұмысқа қатысады;
  • орындауға қабылданған жобалық шешімдерді жобаның басқа бөлімдерінің (бөліктерінің) жобалық шешімдерімен байланыстыруды қамтамасыз етеді;
  • Жаңа т.ж. объектілерді жобалау, салу және қайта құру кезінде әзірленетін стандарттардың жобалық шешімдері мен құжаттамасының техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы:, Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері), Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс; Радиобайланыс және радиохабар тарату
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы