"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шалқар сигнал беру және байланыс дистанциясы Шалқар-Тассай ст. автоблоктау, электр орталықтандыру құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі өндірістік учаскенің бастығы

от 225803
Шалкарская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
647

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • СОБ құрылғыларын ПТЭ, ИДП нұсқаулықтарда, техникалық қызмет көрсету жөніндегі негізгі техникалық нұсқаулықтарда және басқарылатын құрылғылар сипаттамаларының стандартталған параметрлерін қамтитын басқа да нормативтік технологиялық құжаттарда көрсетілген параметрлердің стандарттарына сәйкес СОБ құрылғыларына қызмет көрсету;
  • Жұмыс кестелері мен жеделдік жоспарға сәйкес жұмыстарды сапалы және уақытылы орындау;
  • ЖАТС құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда байланыс диспетчеріне хабарлау;
  • Аппараттық және бағдарламалық құрылғылардың істен шығуы,зақымдануы,дұрыс жұмыс істемеулері кезінде СОБ құрылғылардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылуының себептерін анықтау және олардың қайталауын болдырмауға бағытталған ұсыныстарды дайындау,істен шығудың,зақымданудың алдын алу;
  • Қажет болған жағдайда СОБ құрылғыларының қалыпты жұмыс жасауына басқа қызметтердің қызметкерлерін тарта отырып ДУ-46 журналына тіркеу;
  • Пойыздар қоғалысының қаіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ететін жұмыс тәртібін сақтау.

Біліктілік талаптары:

Білімі

  • Жоғары оқу орны.

Сала бойынша мамандығы

  • Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланысты басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Темір жол көлігіндегі жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану; Автоматтандыру және басқару; Көп арналы телекоммуникация; Байланыс желілері және байланыс жүйелері; Сымдық байланыс; Электробайланыс; Автоматандырылған электробайланыс.

Жұмыс тәжірибесі:

Кемінде 1 жыл аға электромеханик лауазымында.

Қосымша талаптар:

Темір жол көлігін басқару саласындағы жалпы талаптарды білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)