Тестілеу бөлімінің менеджері

"Қазпошта" АҚ "Kazpost Digital" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
81

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • 1) техникалық тапсырманы талдау;

    2) бизнес талаптары мен функционалдық талаптардан ауытқуларды анықтау мақсатында тестілеу сценарийлерін/тест-кейстерін әзірлеу/жетілдіру;

    3) жүйенің жүзеге асырылған/жетілдірілген функционалын тестілеу;

    4) жүктеме тестілеуін жүргізу;

    5) анықталған кемшіліктер/қателер бойынша әзірлеушілерге тапсырмалар қою;

    6) команданың барлық мүшелерімен түзетулерді талқылау;

    7) түзету процесін бақылау;

    8) проблемалық сәттерді қайта тестілеу;

    9) тестілеу нәтижелерін талдау;

    10) жүргізілген тестілеу туралы есеп құрастыру;

    11) жүйенің жұмыс логикасындағы қателерді іздеу;

    12) жүйені пайдалану жағдайларында туындауы мүмкін жағдайларды модельдеу;

    13) жүйенің жұмыс қабілеттілігін талдау;

    14) анықталған критикалық қателер туралы бөлім басшысын хабардар ету;

    15) жүйені тестілеу бойынша құжаттаманы жүргізу;

    16) жүйенің толық функционалды тестілеуі;

    17) тапсырмаларды жүзеге асыру және сүйемелдеу кезеңдерінде жобалық командаға кеңес беру;

    18) жүйе пайдаланушыларына консультациялық көмек көрсету;

    19) жүйені сүйемелдеу аясында ITSM-ге пайдаланушылардан келіп түсетін сұрауларды талдау, қайта өндіру және орындау;

    20) жобаның білім базасын (Wiki) толтыру.

    Жүйелер тізімі:

    1) ПУС бағдарламасы;

    2) жүктеу, түсіру, VPN, Обменщик және басқа аймақтардың мобильді қосымшалары.

Талаптар:

  • Техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы бойынша жоғары және/немесе орта арнайы білім.
  • Ақпараттық технологиялар саласында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • 09:00-ден 18:00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ге дейін түскі үзіліспен. Дүйсенбіден жұмаға дейін