«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Павлодар ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-3) Павлодар пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-18) Өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шаралар мен кешенді жоспарды әзірлеуге қатысады;
- қауiпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегi әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзедi, қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау ережелерiн бұзу жағдайларын есепке алады, оларды жою жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
- еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес білімді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
- еңбекті қорғау кабинетінің ұйымдастырылуын және жұмыс жоспарын, оның қажетті оқу және көрнекі құралдармен, техникалық оқу құралдарымен жабдықталуын, еңбекті қорғау мәселелерін насихаттауды бақылайды; өндірістік жарақаттарға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- жұмысшылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi озық тәжiрибенi зерделейдi және жинақтайды, осы тәжiрибенi депо бөлiмшелерiне енгiзудi ұйымдастырады, еңбектi қорғау жөнiндегi шолулар мен конкурстарды, семинарлар мен мектептердi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады;
- еңбекті қорғау, қызметкерлерге белгіленген жеңілдіктер мен еңбек жағдайлары үшін өтемақылар беру мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін, желдету жүйелерінің тиімділігін, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен үй-жайлардың, жеке қорғаныс құралдарының жай-күйін зерттейді, олардың қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді және анықтайды;
- еңбекті қорғау бойынша құжаттама мен есептілікті белгіленген талаптарға сәйкес жүргізеді; қауіпсіздік техникасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің және есепке алудың және өндірістік жарақатпен байланысты залалды өтеудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылайды;
- уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбекті қорғау жөніндегі ұйғарымдарының орындалуына, тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бақылауды жүзеге асырады;
- бұйрықтардың, хаттамалардың және басқа да ұйымдық-өкімдік құжаттамалардың жобаларын әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр