«Ембімұнайгаз» АҚ кеніштік геология және кен орындарын игеру департаменті кеніштік геология және модельдеу бөлімінің бастығына

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
772

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Кен орындарын игеруді сараптау, бақылау және жобалауға қатысу, қалдық қорлары бар аймақтарды тиімді игеру бойынша ұсынымдар әзірлеу, игерудің оңтайлы жүйесін таңдау, ГТШ жобалау, мұнай берудің қайталама және үшінші реттік ұлғаюы;
  2. Игерілетін алаңдарда кен орындарының геологиялық құрылысын және мұнай мен газ қорларын нақтылауға қатысу және бақылау;
  3. Геологиялық-гидродинамикалық модельдерді құру және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар көлемдерінің орындалуын жоспарлау және бақылау.
  4. Қоғамның өндірістік бағдарламасы шеңберінде мұнай, газ өндіру жоспарының жобасын және бұрғылау жұмыстары көлемін негіздеу және игерудің технологиялық көрсеткіштерінің болжамды есептеулерін қалыптастыруға және келісуге қатысу;
  5. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және бақылау: кен орындарын өндіру, бұрғылау (КҰ, ҰОБКТ, ҰОБТ, тереңдету), су басуды басқару (оның ішінде полимерлі су басу, ыстық су, бу айдау), кен орындарын жете барлау, ұңғымаларды жөндеу, ГТШ (ҚСЖ, ББП, ПЖЖ, МӨА)және зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осы іс-шаралардың орындалуын жоспарлау, бақылау және талдау;
  6. Онлайн режимде ұңғыманы геологиялық жүргізу бөлігінде көлденең ұңғымаларды (оқпандарын) бұрғылауды сүйемелдеуді бақылау;
  7. Өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы, өкілді, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда, ҚР мекемелерінде және мекеменің меншік нысанына және орнына қарамастан өзге де ұйымдарда кен орындарын игеру мәселелері бойынша Қоғамның өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету.
  8. ҚМГ ҰК АҚ және бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелердің, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша нұсқаулықтардың сақталуын бақылау, ҚМГ ҰК АҚ және ҚМГ ҰК АҚ компаниялар тобын ұйымдастыру нұсқауларының, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуы.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес (Мұнай кәсіпшілігі геологиясы және мұнай кен орындарын игеру саласында, оның ішінде өндірістік тәжірибе)
Басқару тәжірибесі: болғаны дұрыс
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша терең білім;
  3. Кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеу саласындағы терең білім;
  4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Заңын білу;
  5. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі бірыңғай қағидаларды"білу;
  6. Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Жетілдірілген Excel пайдаланушысы;
  2. Модельдеу бағдарламалық өнімдерінің жетілдірілген пайдаланушысы (Petrel, Eclipse, T-Navigator);
  3. Көлденең ұңғыманы салу және өткізу дағдылары (тәжірибесі) ;
  4. Кеніштік, геофизикалық, геологиялық-гидродинамикалық ақпаратты талдай білу, ұңғымалардың жұмысын диагностикалау, ұңғымалардың әлеуетін анықтау;
  5. Жобаларды әзірлемелерді және МШК ТЭН сараптау мүмкіндігі;
  6. Геологиялық-техникалық іс-шаралардың (ГТШ) тиімділігін іріктеу және талдау қабілеті.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау қ.
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру