Лауазымдық жауапкершілік:
* Кеңсе керек-жарақтарын, қажетті шаруашылық материалдарын алуды және сақтауды ұйымдастыру, олармен кеніштің құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз ету, олардың жұмсалуы туралы есеп пен есептілікті жүргізу;* Шахтаны жиһазбен, шаруашылық Мүкәммалмен, инженерлік және басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;* Асхананы бақылауды жүзеге асыру;* Бракераж комиссиясымен бірлесіп қызмет көрсетушінің ҚР заңнамасы талаптарын сақтау және "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК"АҚ стандартын сақтау фактілеріне тексерулер жүргізу;* Кеніш жұмыскерлерінің жұмыс күн тәртібін әзірлеуге қатысу, олардың түскі үзілісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, үзілістерге белгіленген уақыттың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;• Шахтаға іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың қасбеттерін, өту жолдарын және т. б. сәулет-көркемдік безендіру бойынша жұмыстарға басшылықты жүзеге асыру;* СЭС және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына сәйкес офис пен вахталық кенттің тиісті түрде ұсталуын бақылау;* ҚТҚ әкетуге бақылау жүргізу және кеніштің үй-жайын дезинсекциялауды, дезинфекциялауды және дератизациялауды жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;* Жарықтандыру, жылыту, желдету және кәріз жүйелерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, осы жүйелердің жай-күйінің белгіленген нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;* Барлық құжаттардың дұрыс қалыптасуын, істердің сақталуын және мұрағатқа уақтылы тапсырылуын бақылау;* Серіктестік қызметі туралы ақпарат пен мәліметтердің құпиялылығының тиісті регламентін сақтау;* "DOCUMENTOLOG" (ЭҚЖ)айналымының электрондық құжат жүйесінде орындауға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылау;* ТЖҚ сатып алуға конкурстық құжаттаманы дайындау және келісу;* "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ электрондық сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру;* SAP ERP жүйесінде қызметтің жұмысын бақылау және жүзеге асыру;* SAP MDG жүйесінде қызметтің жұмысын бақылау және жүзеге асыру;* Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, оның ішінде ішкі нормативтік құжаттарда және ҚР заңнамасында айқындалған шектерде кәсіптік және іскерлік этиканы сақтау;* Сенімді және уақтылы ақпарат беру;* Құрылымдық бөлімшенің ықтимал немесе анықталған тәуекелдері (операциялық проблемалар, рәсімдерді бұзу немесе теріс пайдалану)туралы тиісті деңгейдегі басшыны уақтылы хабардар ету;* Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;* Қазақстан Республикасы заңнамасының және серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;* Қызметтік құжаттаманың сақталуын және ақпараттың құпиялылығы туралы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;Білім:
Техникалық / Экономикалық / ЗаңдыДағдылар:
Білуге тиіс: шикізатқа, материалдарға, шығарылатын өнімге арналған стандарттарды, техникалық шарттарды, оларды әзірлеу тәртібі мен әдістерін білу; жабдықтау және қойма операцияларын есепке алуды жүргізу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібін білу; бақылаудағы учаскелерде өндірісті ұйымдастыру; құжаттаманы ресімдеу қағидалары; құрамында уран бар материалдарды өңдеу жөніндегі стандарттар мен қолданыстағы нормалар; бақылаудағы учаскелердегі өндірістік қуаттар; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; экономика негіздері, өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, менеджменттің интеграцияланған жүйесі құжаттарының талаптары, кәсіпорынның даму перспективалары. БМЖ бойынша ішкі рәсімдердің талаптарын сақтау және орындау, ішкі рәсімдерді әзірлеуге, өзектендіруге қатысу және жұмыс жағдайында және оның тиімді жұмыс істеуін қолдау.Қосымша:
.Білетін тілдер:
қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру