5-ші разрядты электрмонтаждаушы
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
• ГТА құрылыс жөніндегі шебер берген ауысымдық тапсырмаларды орындау; • Еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтау; • Компанияның барлық саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ еңбек тәртібі мен кәсіби этика мен эстетика ережелерін орындау; • Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын жабдық үшін материалдық жауапкершілікке ие болу; • Электр жабдықтарын пайдалану қағидаларын сақтау; • Электр жабдықтарды монтаждауға геотехнологиялық блокты дайындау жөніндегі жұмыстарға қатысу; • Электр жабдықтарды монтаждау және геотехнологиялық блоктарда коммуникацияларды төсеу кезінде негізгі және қосалқы жұмыстарды орындау; • Монтаждау алдында кабельдерді және басқа материалдарды тексеру және қабылдамау; • Кабельдерді және басқа материалдарды монтаждауға дайындау; • Электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау; • Болат, пластмасса құбырларды, кабельдік арналарды және перфорацияланған монтаждық профильдерді төсеуді жүргізу; • Траншеяларда, кабельдік арналарда, профильдерде, туннельдерде және ғимараттар мен құрылыстардың ішінде күштік және бақылау кабельдерін монтаждау; • Кернеуі 35 кВ дейінгі кабельдерде әр түрлі типтегі соңғы муфталар мен жалғағыш муфталарды монтаждау.; • Электр жабдығының, кабельдер мен сымдардың оқшаулау кедергісін өлшеу; • Кабельдерді қосу үшін фазалау және дайындау. • Төселген кабельдерді таңбалауды жүргізу; • Қорғаныш құрылғыларын қаптамалар мен қоршауларды орнатуды жүргізу; • Ток пен кернеудің электромагниттік релесін тексеру және реттеу; • Электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жабдықтың техникалық жарамды жай күйін қадағалау; • Қол құралының жарамды күйін бақылау; • Тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу; • Жұмыстарды жүргізу аумағын жинауды жүргізу; • ГТА құрылысы жөніндегі шебердің басқа да тапсырмаларын орындау; • Компанияның сеніп тапсырылған көлік құралдарын басқару: НЅ-25 нұсқаулығына, ҚР Жол жүрісі қағидаларына және қауіпсіз жүргізу жөніндегі ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес; • Қауіпсіздік белдіктерінің болуын және қозғалыс кезінде барлық жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдалануын бақылауды міндетті түрде жүргізу; • Төтенше жағдайларды қоспағанда, Компания жұмыскерлері болып табылмайтын жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырмау; • ҚР Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес көлік құралының толықтығына бақылау жүргізу (дәрі қобдишасы, авариялық белгі және т. б.); • Өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі (уақытша рұқсаты) жоқ немесе жол (маршруттық) парағында көрсетілмеген адамдарға көлік құралын басқаруға беруге тыйым салуды сақтау; • Жұмыс істемейтін тежегіш жүйесі немесе рульдік басқаруы бар, тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандырусыз немесе жеткіліксіз көріну жағдайында - жанбайтын (жоқ) фаралармен және (немесе) артқы габариттік шамдармен, жаңбыр немесе қар жауған кезде-жүргізуші тарапынан ақаулы шыны тазалағышы бар көлік құралының қозғалысын жүзеге асыруға тыйым салуды сақтау; • Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтауға көмек көрсету; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға 5-ші разрядты электрмонтаждаушысының лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.Білім:
Орта арнайы (техникалық) білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ГТА құрылысы бойынша жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын электр жабдықты техникалық пайдалану қағидаларын білу; • Қолданылатын құрылыс электр жабдықтарының сипаттамаларын білу; • Орнатылатын электр жабдықтарын орнату негіздері; • Оқшаулау кедергісін өлшеу әдістері; • Орташа күрделіліктегі электр тізбектері; • Қимасы 70мм2 дейінгі барлық маркалы кабельдер мен сымдарды жалғау, ұштау және қосу тәсілдері; • Болат және пластмасса құбырларды, кабельдер мен бұрмаларды таңбалау тәсілдері; • Тарату құрылғыларын орнату әдістері; • Бақылау өлшеу аспаптары мен автоматиканы монтаждау тәсілдері; • Трансформаторлардың негізгі түйіндері мен бөлшектері; • Электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін материалдар мен жабдықтарды жинақтау ережесі; • Бекіту материалдарының типтік өлшемдері (шпилькалар, гайкалар, шайбалар, болттар және т. б.); • Қол электр құралдарымен жұмыс істеу ережесі;Қосымша:
"В"санатындағы жүргізуші куәлігі.Білетін тілдер:
Қазақ тілі (бастапқы деңгей); Орыс тілі (ауызекі, жазбаша).Ұқсас вакансиялар
Жетекші геолог
«Kazgeology Drilling» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.05.2025 | 2450
III санатты Геолог
«Kazgeology Drilling» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.05.2025 | 1088

Жетекші менеджер ГГД
«БАЙКЕН-U» | Еңбекпен толық қамтылу
| Қызылорда қ.
15.06.2025 | 53