«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды құқықтық сүйемелдеу тобының менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Атқару өндірісі бойынша Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының соттарында, мемлекеттік, құқық қорғау және қадағалау органдарында, өзге де ұйымдарда (меншік нысанына қарамастан) қоғам компаниялары тобының мүдделерін орталықтандырылған түрде қорғауды және ұсынуды жүргізеді;
- Басқарма төрағасының, құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директордың, Департамент директорының тапсырмасы бойынша атқару өндірісімен байланысты мәселелер бойынша Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының соттарында, мемлекеттік, құқық қорғау және қадағалау органдарында, өзге де ұйымдарда (меншік нысанына қарамастан) өңірлік деңгейдегі бөлімшелердің мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
- Аймақтық филиалдар мен еншілес ұйымдардың заң қызметтерінің сот актілерін орындау органдарымен және жеке сот орындаушыларымен, адвокаттармен, нотариустармен, коллекторлық агенттіктермен және басқа да ұйымдармен жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
- қоғамның компаниялар топтарының дебиторлық және кредиторлық берешегі бойынша құжаттарды қарайды, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен қорытындылар дайындайды, талаптарды әзірлейді және береді. (Қоғамның аймақтық еншілес ұйымдары мен аймақтық филиалдарының заң қызметтерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша талап-арыздарды қоспағанда);
- өз құзыретіне жататын мәселелер шеңберінде сот актілерін орындау органдарымен (мемлекеттік/жеке сот орындаушыларымен), адвокаттармен, нотариустармен, коллекторлық агенттіктермен және басқа ұйымдармен жұмыс жүргізеді.
- Атқару өндірісімен байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының соттарында, мемлекеттік, құқық қорғау және қадағалау органдарында, өзге де ұйымдарда (меншік нысанына қарамастан) қоғам компаниялары тобының мүдделерін орталықтандырылған түрде қорғауды және ұсынуды жүргізеді.
- Өз құзыретіне жататын мәселелер шеңберінде Қоғам басшылығын аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді, дебиторлық берешекпен байланысты жұмыстарды және Қоғамның компаниялар тобының атқарушылық іс жүргізуін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және қамтамасыз етеді;
- Департаменттің функциялары мен өкілеттіктері шеңберінде тәуекелдерді басқаруды, сондай-ақ тәуекелдерді ескере отырып, топтың қызметі бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Мамандығы: құқықтану, халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану.
- Жұмыс өтілі: Міндетті: Мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымда кем дегенде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

