Сынақ зертханасының бастығы
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
-жоғары техникалық білім
-телекоммуникация саласында немесе мамандық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі
-сынақ әдістері, метрология, стандарттау және ISO/IEC 17025 талаптары саласындағы білім
-нормативтік құжаттаманы түсіну, сапа менеджменті жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері
Міндеттер:
-Кабель-өткізгіш өнімдер, оптикалық сымдар, сплиттерлер және аккумуляторлық батареялардың үлгілерін іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру, тауарды қабылдау сапасын анықтау, үлгілерді іріктеу актілерін рәсімдеу -Келіп түсетін ТМЦ-дағы жасырын кемшіліктерді анықтау, жасырын кемшіліктер актілерін рәсімдеу.
-Алынған өнімді сынау үшін аккредиттелген зертханалармен жұмыстарды ұйымдастыру.
-Жеткізілетін тауардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі бойынша сертификаттау органдарымен жұмыс ұйымдастыру.
-Жеткізілген тауарда кемшіліктер анықталған жағдайда, тәуелсіз сарапшымен жұмыстарды ұйымдастыру.
-Аккредитация саласына сәйкес сынақтарды жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру.
-Сынақ нәтижелерінің қажетті дәлдікке сенімділігін, объективтілігін қамтамасыз ету.
-Жеткізу келісімшартына сәйкес арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің техникалық талаптарға сәйкестігін таңдамалы сыртқы тексеру
-Лабораторияаралық және ішкілабораториялық салыстыруларды жүргізуге қатысу. -Сынақ нәтижелері бойынша барлық талаптарды есепке алу
-«Қазақтелеком» АҚ филиалдарының және сатып алынған өнімнің тапсырыс берушілерінің жеткізушілерге қатысты шағымдарын талдау шараларына қатысу
-Келіп түсетін ТМЦ-ны сыртқы тексеру актілерін рәсімдеу арқылы қабылдау. -Сынақтар барысында бұзушылықтарды немесе сәйкессіздіктерді алдын алу және жоюды бақылау және мониторинг жүргізу.
-Тапсырыс берушілердің өнім үлгілерінің кіріс бақылауы мен сынақтары нәтижелері бойынша құжаттаманы рәсімдеуді бақылау.
-Уақытша сақтау қоймасына (СВХ) немесе қоймаға жеткізушіден келген өнімді қабылдауды бақылау және мониторинг жүргізу, қабылдау актісін жасау, соның ішінде фотофиксация жүргізу.
-ИСМ-ді жұмыс жағдайында ұстап тұру және жақсарту шараларына қатысу.
-Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитация туралы ҚР Заңының 8-бабын орындау. Аккредиттеу органы тарапынан жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау мен тексерулерді жүргізуді қамтамасыз ету.
Ұқсас вакансиялар

Негізгі менеджер Су асты ВОЛС құрылысы қызметі
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
26.05.2025 | 253

Техникалық мүмкіндікті іздеу орталығының басшысы
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.06.2025 | 141

Бұлтты қызметтер сату департаментінің менеджері
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.06.2025 | 158