BPM жүйесін жасаушы

«Energy Solutions Center» ЖШС – «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
118

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • JavaScript, React, TypeScript бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру ақпараттық жүйесінің жаңа функционалын әзірлеу және бар функционалды жетілдіру; Ішкі және сыртқы API, модульдер мен қызметтермен интеграция;
  • Кодты тексеру процесіне қатысу: кодтың стандарттарға сәйкестігін, оқылымдылығын және шешімдердің тиімділігін тексеру. Код стандартын қолдау және дамыту, архитектуралық шешімдердің құжаттамасы;
  • Функционалдық және модульдік тестілеуді жүргізу. RESTful API-дің қауіпсіздігін тестілеу және қамтамасыз ету, кең таралған осалдықтардан қорғау (OWASP Top 10 және т.б.). Тестілеуді автоматтандыруға қатысу (қолданылса);
  • Ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инциденттерге жедел жауап беру. Өнімділік пен қолжетімділікті мониторингтеу. Инструменттерді пайдалану (мысалы, Prometheus, Grafana, Sentry және т.б.);
  • Сбойлар мен инциденттердің RCA (Root Cause Analysis) жүргізу. Жүйенің өнімділігін арттыру үшін кодты, архитектураны және сұрауларды оңтайландыру.

Талаптар:

1) ҚР нормативтік құқықтық құжаттарын білу:

  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;
  • «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
  • «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы.

2) Білім: IT саласында жоғары білім;

3) Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл;

4) Тілдерді білу:

  • қазақ, орыс – еркін;
  • ағылшын – техникалық.

5) Кәсіби дағдылар:

  • Заманауи веб-қосымшаларды әзірлеу стандарттары мен әдістерін білу;
  • BPM жүйелерімен (мысалы, Camunda, Bizagi, ELMA және т.б.) жұмыс тәжірибесі;
  • CI/CD тәжірибесі (Jenkins, GitLab CI, Docker);
  • Деректер базаларымен (PostgreSQL, MongoDB, MS SQL) жұмыс дағдылары;
  • Микросервис архитектурасының принциптерін білу;
  • CSS және JavaScript-ті білу;
  • UX/UI дизайнының негізгі принциптерін білу және түсіну;
  • API-мен жұмыс дағдылары және оларды front-end қосымшасымен интеграциялау;
  • SEO негіздерін білу және веб-беттерді іздеу жүйелері үшін оңтайландыру;
  • Бизнес-процестерді модельдеу тілдерін (UML, BPMN және т.б.) білу;
  • FormIO кітапханасын сенімді пайдалану;
  • BPMN0 модельдеу нотацияларын (Camunda) білу;
  • SOAP, REST API, XML, JSON пайдалана отырып, интеграциялық шешімдерді жобалау тәжірибесі.

Шарттар:

  • ГПХ келісімі бойынша ресімдеу