"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС геологиялық барлау департаменті геофизика басқармасының инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
189

   Конкурс туралы

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары

Талап етілетін біліктілік

Білімі (жоғары, мамандығы /біліктілігі)

Қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі
Техникалық, мұнай-газ геологиясы/мұнай-газ Геофизикасы саласында.

Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді

Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе функционалдық салаларға сәйкес салаларда профиль бойынша жұмыс тәжірибесі

Құпталады

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді

Мамандануына қарай лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

• Сейсмикалық мәліметтерді динамикалық және құрылымдық интерпретациялауға және тау жыныстары физикасына байланысты бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеуді білу (Hampson Russell, RokDoc, Fugro Jason, Petrel).
• Тау жыныстарының серпімділік қасиеттерін талдау саласындағы білім. (петросерпімді модельдерді құру, әртүрлі литология/сұйықтық сценарийлерін модельдеу)
• Сейсмикалық мәліметтерді инверсиялау, AVO талдау және сейсмикалық модельдеу саласындағы білім
• Сейсмикалық мәліметтерді өңдеу және кондициялау саласындағы білім
• Геология негіздері және Қазақстанның мұнай-газ бассейндерінің геологиялық ерекшеліктері туралы жалпы түсінік
• Қазақ тілін білу

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

• Сейсмикалық мәліметтерді динамикалық интерпретациялауға және тау жыныстары физикасына байланысты бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдылары (Hampson Russell, RokDoc, Fugro Jason, Petrel).
• Тау жыныстарының серпімділік қасиеттерін талдау саласындағы дағдылар (петросерпімді модельдерін құру, литологияның/сұйықтықтардың әртүрлі сценарийлерін модельдеу)
• Геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік мәліметтерді жүйелеу дағдылары

Лауазымның функционалдық міндеттері:

• Қорытындылар мен ұсыныстарды дайындау мақсатында барлау және өндіру жобалары бойынша сейсмикалық мәліметтерді динамикалық интерпретациялау бойынша жұмыстарды орындау.
• Серпімділік қасиеттерін талдау және петросерпімді үлгілерді құру бойынша жұмыстарды жүргізу;
• Сейсмикалық инверсияны есептеу, AVO талдау жұмыстарын орындау;
• Жұмысты орындау кезінде заманауи мамандандырылған бағдарламалық жүйелерді пайдалану.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр