Жетекші менеджер

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
229

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Компания өндіретін дайын өнімді түпкілікті сатып алушыларға жөнелтуді қамтамасыз ету; • Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер жасау; • Дайын өнімнің экспортын/жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін құжаттар жиынтығын қалыптастыру; • Басқа құрылымдық бөлімшелердің қажетті құжаттарды ұсыну регламентінің орындалуын бақылау; • Мердігерлермен өзара әрекеттесу; • Тайқоңыр кентінен басқа жерлерде дайын өнімді жөнелтуге жарамды бос контейнерлермен қамтамасыз етуді бақылау. • Дайын өнімі бар контейнерлерді теміржол платформаларына тиеуді қадағалау; • Теміржол платформаларында жүктің радиациялық өлшемдерін ұйымдастыру; • Кеден органында және теміржолда жөнелту құжаттарын уақтылы ресімдеуді қамтамасыз ету; • Дайын өнімді алып жүру бойынша мамандардың іс қимылдарын үйлестіру; • Тікелей басшыны жұмыскерге берілген ядролық материалдың сақталуына қауіп төндіретін барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар ету; • Жаңа мердігерлермен жұмысты ұйымдастыру; • Өз құзыреті шегінде басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жұмыс • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға жетекші маманның лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Жоғары техникалық/экономикалық білімі

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;

Қосымша:

• Кәсіби сертификаттаудың болуы-мүмкіндігінше

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін меңгеру-бастапқы деңгей; • Орыс тілін білу-еркін; • Ағылшын тілін білу - Intermedaite;