Информациялық технологиялар бөлімінің техникалық қолдау тобының желі әкімгері
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Болуы тиіс:
- жоғары кәсіби (техникалық немесе инженерлік-техникалық) білімі; желіні басқару бойынша біліктілігін арттыру курсы.
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білуі тиіс:
- Жоғарыда тұрған және ақпараттарды өңдеу кезінде бағдарламалау тәсілдеріне қатысты басқа да органдардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттарды;
- жабдықтардың техникалық-пайдалану сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын және жұмыс істеу режимдерін, оны техникалық пайдалану қағидаларын;
- желілерді аппараттық және бағдарламалық жасақтауды;
- OSI стегін және ТСР/IP желілерінің жұмыс істеу принциптері;
- Windows серверлік операциялық жүйелердің тәжірибелік білімін.
- желілік сервистерді білуі және қамтамасыз етуді. Желілік сервистерді ретке келтіруді және сүйемелдеуді.
- ұйымның принциптерін және жергілікті және үлестірілген есептегіш жүйелердің жұмысын;
- аппараттық жасақтаманы ең оңай жөндеу принциптерін; бағдарламалаудың формалданған тілдерін;
- бағдарламалау әдістерін;
- ақпараттарды кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйелерін, ақпараттарға рұқсатсыз кірудің алдын алу әдістерін;
- кәсіпорынның құрылымын, оның бөлімшелерінің арасындағы өндірістік және қызметі жағынан байланыстарын;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды.
Қажетті дағдылар:
- OS Microsoft Windows, MS Office, Hermes, HP Service Manager.