Нарықты зерттеу қызметінің басшысы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Міндеттері:

-Корпоративтік телекоммуникация нарығындағы зерттеулер шеңберінде қолданылатын деректерді, аналитикалық ақпаратты жинау жұмыстарын қамтамасыз ету.
-Бәсекелестік ортаны талдауды қамтамасыз ету; корпоративтік телекоммуникация нарығы сегменті бойынша деректерді жинау және қалыптастыру.
-Маркетинг департаментінің міндеттері шеңберінде телекоммуникация нарығы бойынша табыс динамикасы мен көлемдік көрсеткіштер бойынша материалдарды қалыптастыру және талдауды қамтамасыз ету.
-Маркетинг бойынша шығындар бабы бойынша бюджет қалыптастыру және бөлу.
-«Қазақтелеком» АҚ филиалының маркетингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі қолданыстағы Регламентіне сәйкес тапсырыспен маркетингтік зерттеулерді уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету.
-Қызметтің құзыреті шеңберінде белгіленген есептілік формаларын уақтылы қалыптастыру және ұсынуды қамтамасыз ету.
-Жүргізілген бенчмаркингтер мен зерттеулер шеңберінде корпоративтік сегментте өнімдерді әзірлеу, енгізу және өзектендіруге қатысу.
-Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес сақтау және орындау.
-ИСМ мен СМИБ-ны жұмыс жағдайында ұстап тұру және жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысу.
-ИСМ мен СМИБ сәйкессіздіктерінің себептерін жою мақсатында түзетулер енгізу және түзету шараларын қабылдау.


Талаптар:

-жоғары экономикалық/қаржылық/маркетингтік/техникалық білім
-телекоммуникация саласында немесе мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
-маркетингтік зерттеулерді жүргізуді координациялау тәжірибесі
-презентацияларды дайындау, электрондық құжаттарда графикалық объектілерді пайдалану дағдыларына ие болу.