Инвестицияларды тарту және қайтару департаментінің менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
09.06.2025
- Берілген өтінім:
- 161
- Қаралған саны:
- 2155
Міндеттері:
- Департаменттің қызметі бойынша қажетті құжаттаманы уақытында және сапалы дайындау, сондай-ақ есептілікті қамтамасыз ету;
- инвестициялық қаражаттарды қайтаруды қамтамасыз ететін келісім-шарт жобаларын, қосымша келісімдерді және басқа да құжаттарды дайындау, мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісу, қол қоюды ұйымдастыру;
- Департаменттің құжат айналымын Компанияда белгіленген ережелерге сәйкес жүргізу, соның ішінде құжаттаманы архивке тапсыру;
- Департаменттің құзыретіне кіретін кіріс хат-хабарларына жауаптарды қарастыру және дайындау;
- инвестициялық жобалар бойынша досье қалыптастыру және жүргізу;
- Инвестициялық комитеттің қызметін қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Жоғары экономикалық, қаржылық немесе математикалық білім;
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл, қаржы ұйымдарында, квазимемлекеттік секторда және ұлттық даму институттарында жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
- Лауазымның мамандануына сәйкес Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін білу, сондай-ақ лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;
- Іскери хат алмасу, келісім-шарттарды дайындау, жобалар досьесін қалыптастыру, есептілікпен жұмыс тәжірибесі.
Шарттар:
- Астана қ., Сығанақ көшесі 17/10;
- 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
- KPI орындау бойынша сыйақы төлемдері.