«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтобе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш жол дистанциясының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері

416848 - 431506
Кандыагашская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
92

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірістік бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жоғары қауіпті нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтардың себептерін талдап, анықталған бұзушылықтарды жою шаралары мен мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсету арқылы бұйрық рәсімдеу.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша есептерді «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалына – «Актобе магистральдық желі бөлімшесі» және Жолдар мен құрылыстар департаментіне ұсыну.
  • Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулыққа (протокол 02/27, 10.09.2015 ж.) негізделген экологиялық менеджмент іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • Қалдықтарды инвентаризациялау туралы есеп (Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 бұйрығына 1-қосымша).
  • Барлық қалдықтарды жоюды бақылау. Барлық қалдық түрлерін жою және көму бойынша келісімшарттар жасау.
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналына тіркеу (14 қараша 2016 жылғы №972-ЦЗ «Қазақстан темір жолы» АҚ қалдықтармен жұмыс істеу ережелеріне сәйкес).
  • 2-ТП ауа есебі, 4-ОС – экологиялық шығындар туралы есепті статистика бөліміне дайындау.
  • Қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар немесе жазатайым оқиғалар туралы ТЖ басқармасына хабарламалардың уақытында берілуін бақылау.
  • Орта буын басшылары мен мамандарды, қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану кезінде оларды алдын ала оқытпастан және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережелер, нормалар мен басқа да нормативтік құжаттарды білулерін тексерместен лауазымға тағайындау немесе уақытша ауыстыру жағдайларына жол бермеуді бақылау.
  • Қоршаған ортаға рұқсат етілген және нақты эмиссия көлемі туралы есеп. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына. ПЭК есебін дайындау.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқу және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Жол дистанциясы қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сабақтарды ұйымдастыру және білімдерін тексеру.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеру ережелеріне сәйкес білім тексеру комиссияларының жұмысына қатысу.
  • Табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жоспарының орындалуы туралы есеп 3-қосымша. Қоршаған ортаны қорғау жағдайы туралы есеп 4-қосымша. Ағымдағы экологиялық көрсеткіштер 5-қосымша (2020 жылғы 6 қарашадағы №02/36 хаттама).
  • Техникалық және экологиялық қауіпсіздік жағдайын тексеру журналын жүргізу «Қазақстан темір жолы» АҚ және оның бөлімшелеріндегі еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау ішкі бақылау ережелеріне сәйкес (2020 жылғы 6 қарашадағы №02/36 хаттама).
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын уақтылы орындау.
  • Өнеркәсіптік қауіпті нысандардың қызметкерлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарындағы өзгерістер туралы ақпарат беру жұмысын ұйымдастыру, олар Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттармен реттеледі.
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызмет түрлері бойынша лицензия шарттарының орындалуын бақылауды (немесе жеке бақылауды) ұйымдастыру.
  • Техникалық куәландыру және жабдықтарды сынақтан өткізу, қауіпсіздік құралдарының және қорғаныс құрылғыларының жағдайын тексеру, ұжымдық қорғаныс құралдарының ақаусыздығы мен тиімділігін тексеру бойынша уақытылы бақылауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру.
  • Өндірістік бақылаудың тұрақтылығы мен сапасын тексеру (еңбек қауіпсіздігі күндері, көктемгі және күзгі ауыл шаруашылығы тексерістері), өндірістік тексерулер нәтижелері бойынша бұйрық жобасын дайындау.
  • Бас инженермен бірлесіп тексерулер жүргізу, жабдықты пайдалану барысында және әсіресе жоғары қауіпті нысандарды, сондай-ақ қауіпсіздік және бақылау құралдарын пайдалану кезінде техникалық құжаттаманы жүргізу.
  • Бақылауды ұйымдастыру:
  • а) Қауіпті өндірістік нысандарды салу немесе қайта құру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
  • б) Апаттар, инциденттер, жазатайым оқиғалардың пайда болу себептерін жою;
  • в) Жоғары қауіпті нысандарда қолданылатын құрылыстар, техникалық құрылғылар және өлшеу құралдарының диагностикасын, қажетті сынақтар мен куәландыруды, жөндеулер мен тексерулерді уақытында жүргізуді бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандық : Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы).
  • Жұмыс тәжірибесі:  мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қосымша талаптар:

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін оның ішінде Р.К Көлік және коммуникация министрлігі және ұйымның өндірістік қызметін реттейтін актлерді білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)