ERP ақпараттық жүйелерді басқару департаментінің бастығы

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
603

   Конкурс туралы
Міндеттері:

Договорлар мен SAP ERP жобаларын енгізеді;
Компанияның бекітілген ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтау талаптарын орындау;
Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін (ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27017) сақтау талаптарын орындау;
Договор шеңберінде SAP ERP жүйесін сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тікелей бағыныстағы қызметкерлерді басқарады;
Бөлімнің қызметін реттейді;
Бөлім қызметкерлерінің жұмыстарын координациялайды;
Қызметкерлердің кешенді бағалау жүйелерін және олардың қызметінің нәтижелерін әзірлеуге қатысады;
Жүйенің архитектурасын, концептуалдық жобаларды, функционалдық спецификацияларды және техникалық тапсырмаларды әзірлейді;
Клиенттің бизнес-процестерін жүргізу үшін концептуалдық жобаға сәйкес бағдарламалық өнімді кеңейтілген баптау және тестілеу жұмыстарын орындайды;
Договор шеңберінде тапсырыс берушінің сұрауы бойынша бизнес процестерін талдайды және оңтайландырады;
Құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттеседі;
Бөлім басшысының құзыретіне кіретін өндірістік қызметтің жедел мәселелерін шешу үшін тапсырыс берушінің бөлімшелерімен қарым-қатынасқа түседі;
Ақпаратты жариялау және сақтау регламентіне сәйкес қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын сенімді деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
Договор шеңберінде қажетті жұмыстарды құрылымдау және дәл орындау үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу, жүргізу, келісу жұмыстарын орындайды

Талаптар:

ASAP әдістемесін; MS Project, MS Visio; Архитектура мен өзгерістерді басқаруды білу;
Реттеуші құжаттаманы әзірлеу дағдылары; Мақсат қою және приоритеттерді орналастыру дағдылары; Басқаларға көмек көрсету, бүкіл команданың табысына бағдарлану;
Орындаған жұмысына жауапкершілік; Жобаларды басқару дағдылары;
Негізгі модульдерді білу: FI (қаржы), MM (сатып алу) және т.б. Межсистемалық интеграция негіздері.
SAP ERP-де автоматтандырылатын бизнес-процестерді түсіну.

ERP бағытында белсенді SAP сертификатының болуы,
IPMA C және одан жоғары.

Компанияларда және жобаларда жұмыс тәжірибесі құпталады:

SAP Жобалар менеджері
ERP-архитектор / ERP шешім архитектор

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, оның ішінде 2-3 жыл - команда мен ERP жобаларын басқаруда.

Тіл білімі:

қазақ - ауызша; орыс - жобалық құжаттаманы сауатты құрылымдауға;
ағылшын - құжаттар мен SOFT-ты түсіну және оқу;

Шарттар:

- жұмыс кестесі 09:00-ден 18:30-ға дейін

- медициналық сақтандыру

- тасымалдау

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр