"KEGOC"АҚ" Ақтөбе ЖЭТ " филиалының материалдық техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің 1 санатты маманы (уақытша)
Қызметтік міндеттер:
1) филиалдың ғимараты мен құрылыстарында санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтайды;
2) шаруашылық мүкәммалдың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) компания кеңсесін қажетті жиһазбен, мүкәммалмен, жабдықтармен, шығын материалдарымен және кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етеді;
4) филиал аумағын, оған іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді (өту жолы, бас корпус);
5) SAP ERP модулі MM - материалдық ағындарды басқару жүйесінде кредиторлар көрсететін жетекшілік ететін қызметтер бойынша келісімшарттар, тапсырыстар жасау, түсімдерді енгізу, шот-фактуралар жасау, төлем жүргізу;
6) SAP ERP модулі SD – өткізу модулі, дебиторлар көрсететін жетекшілік ететін қызметтер бойынша келісімшарттар, тапсырыстар жасау, түсімдерді енгізу, шот-фактуралар жасау, төлем жүргізу;
7) SAP жүйесінде жаңа жеткізушіні енгізу MDG модулі - негізгі деректерді басқару;
8) шарттық қызметті ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: корпоративтік іс-шаралар өткізу, басқа да коммуналдық қызметтер бойынша жұмыс және ғимараттарға қызмет көрсету, кондиционерлерге, турникеттерге, күрделі-тұрмыстық техникаға техникалық қызмет көрсету, кабинеттік тақтайшалар
дайындау, құжаттарды түптеу және т. б;
9) кеңестер мен конференциялар өткізу кезінде шаруашылық қызмет көрсетуді, іссапарға келген адамдарды орналастыруды ұйымдастырады;
10) кір жууды бақылауды жүзеге асырады, кір жуатын орынды қажетті құралдармен қамтамасыз етеді;
11) жалдау шарттарын жасасу және сүйемелдеу;
12) басшылықтың бір реттік тапсырмаларын орындау;
13) сеніп тапсырылған мүлікке түгендеу жүргізу;
14) филиал бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды өртке қарсы қорғаудың өндірістік санитариясының қағидалары мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді қамтамасыз ету;
15) макулатураны, өзге де қалдықтарды уақтылы әкетуді ұйымдастырады;
16) кейіннен SAP ERP жүйесіне енгізе отырып, материалдық ресурстарға қажетті есептеулермен өтінімдер жасайды;
17) белгіленген тәртіппен материалдар мен қызметтерге қажеттілікке жылдық өтінімдерді ұсынады;
18) ТМҚ және НҚ есептен шығару актілерін жасайды;
19) аутстаффинг бойынша қызметкерлердің жұмысын басқарады, ұйымдастырады (қызметтік және өндірістік үй-жайларды тазалаушылар, аула сыпырушы, хатшы-референт), сондай-ақ "Ақтөбе ЖЭТ" филиалының кеңсесінде тартылатын жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырады және
бақылайды;
20) аутстаффинг персоналы бойынша кадр есебін жүргізеді (жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу, жұмыс кестесін құру және ағымдағы демалыстарды ресімдеу);
21) өз құзыретіне қатысты мәселелер аутстаффинг персоналына көмек көрсетеді;
22) аутстаффинг персоналының медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
23) аутстаффинг персоналын іздеу мен іріктеуді қамтамасыз етеді;
24) аутстаффинг персоналын жуу құралдарымен және шаруашылық мүкәммалмен қамтамасыз етеді.
Негізгі дағдылар:
Вакансия негізгі қызметкердің (бала күтімі бойынша) әлеуметтік демалыс кезеңіне уақытша ашылды.
* білім жоғары (экономикалық);
* MS office, Outlook тәжірибелі қолданушысы;
* қазақ, орыс тілдерін білу.
Қажетті қабілеттер
- * Эффективная работа в команде
- Дисциплинирована, исполнительная, целеустремленная, коммуникабельная, легкообучаема
- * Продвинутый пользователь ПК
- - Пунктуальность, высокая ответственность при исполнении поручении;
- - грамотная устная и письменная речь
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)