"ҚТЖ" ҰК "АҚ "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының " Нұрлы Жол" теміржол вокзал кешенінің технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің вокзал кешенінің дикторы

от 238984
Железнодорожный вокзальный комплекс Астана Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. теміржол вокзал кешені жұмысының технологиялық процесіне және диктордың жұмыс регламентіне сәйкес жолаушылар мен келушілерге радиотрансляция (дауыс зорайтқыш байланыс) арқылы ақпараттық қызметтер көрсетеді
2. диктордың бекітілген жұмыс регламентінің талаптарын орындайды
3. "ҚТЖ "ҰК"АҚ қызметтері арасында құрамдарды беру/жинау кезіндегі өзара іс-қимыл регламентінің талаптарын орындайды
4. поездардың келуі мен жөнелтілуін, жолдағы құрамдарды беру мен жинауды, жолаушыларды отырғызу мен түсіруді бейнебақылау мониторы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді, жолаушыларды станция бойынша кезекшінің командасы бойынша жолдарда маневрлік жұмыстардың жүргізілгені туралы анық және бірнеше рет хабардар етеді 
5. жұмыс компьютерінде орнатылған бағдарламаға жолаушылар поездары кестесінің электрондық таблосында поезды қабылдау/жөнелту жолының нөмірі туралы, кешігу (бар болса)туралы деректерді енгізеді
6. келу және кету бойынша жолаушылар поездарының есебін, тиісті журналдарда тіркей отырып, жолаушылар поездарының қозғалыс кестесін есепке алуды жүргізеді 
7. бекітілген кестеге сәйкес фондық музыканы ойнату бойынша жұмысты (ауыстыру/өшіру, ойнату тізімін бақылау) жүзеге асырады
8. поездар санаты (жүрдек, жолаушылар, электр поездары)бөлінісінде қызмет көрсетілген поездар саны бойынша ақпарат дайындайды 
9. вокзал кешеніндегі жедел жағдаймен, келіп түскен басшылық құжаттармен (жеделхаттар, бұйрықтар, нұсқаулар және т. б.) танысады 
10. интонация мен кідірістерді сақтай отырып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде хабарландырулардың сапалы берілуін қамтамасыз етеді

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру