«АТ және Бизнес архитектура» департаментінің директоры
«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.1) Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын, сондай-ақ олардың ұйымдастырылуы мен орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2) Жобаның немесе іс-шараның тиімділігін анықтау мақсатында пилоттық жобалардың жүргізілуін қамтамасыз етеді және жүзеге асырады.
3) АТ және цифрландыру жобаларын енгізу және сүйемелдеу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және жүзеге асырады.
4) ЕТҰ-да АСУТП және АСКУЭ жобаларын енгізуді ұйымдастыруға бақылау жүргізеді.
5) Өндірістік бизнес-процестерді автоматтандыру іс-шараларын іске асыру және ЕТҰ-да АСУТП, оның ішінде АСКУЭ жобаларын енгізу бойынша барлық деңгейдегі еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
6) ЕТҰ-да өндірістік бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған табысты АТ жобалардың іске асырылу тиімділігі мен оларды тарату процесіне, сондай-ақ АСУТП және АСКУЭ жобаларына бақылау жүргізеді.
7) Компания үшін пайда алу мақсатында (шығындарды оңтайландыру, қосымша табыс) өндірістік және корпоративтік деректерді пайдалану мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді.
8) Қоғам мен ЕТҰ-ның АТ-стратегиясы мен АТ-бастамаларын әзірлеу және іске асыру бойынша іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
9) АТ-стратегияны келісуді және АТ-бастамаларды жоспарлауды қамтамасыз етеді.
10) АТ-стратегия шеңберіндегі АТ-бастамалардың уақтылы орындалуына бақылау жүргізеді.
11) Қадағаланатын шарттар бойынша ағымдағы шоттарды төлеуді, шарттарды уақытылы жасасуды, қол қоюды және төлемдерді жоспарлауды қамтамасыз етеді.
12) Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу шарттарына (SLA) қойылатын міндетті талаптарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
13) Басқарушылық бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша АТ жобаларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
14) Басқарушылық бизнес-процестерді автоматтандыру жобаларын енгізуді ұйымдастыруды, осы жобалардың енгізілуіне бақылау жүргізуді және жобалар бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
15) Басқарушылық бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
16) Қоғам мен ЕТҰ-да АТ бөлігіндегі бюджеттердің уақтылы жоспарлануын, келісуін, түзетілуін және орындалуына бақылауды, тиісті ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қамтамасыз етеді.
17) ЕТҰ-ның барлық деңгейдегі ұйымдары үшін АТ бюджет қалыптастыруды реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес, перифериялық құрылғылар мен оргтехниканы техникалық қызмет көрсету, әкімшілендіру, жөндеу, серверлік және компьютерлік жабдықты жаңарту, байланыс қызметтерін ұсыну және корпоративтік жүйелерді техникалық қолдау бойынша бюджеттерді келісуді қамтамасыз етеді.
18) АТ қызметтерін басқару бойынша АТIL және COBАТ халықаралық үздік әдістемелеріне сәйкес қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
19) АТ инфрақұрылымын стандарттау және біріздендіруді қамтамасыз етеді.
20) Ақпараттық технологиялар нарығын талдауды және АСУТП-ны, оның ішінде АСКУЭ жобаларын дамыту бағыттарын зерттеуді жүзеге асырады және АТ-стратегияда өзектендіруді қамтамасыз етеді.
21) Қоғам мен оның ЕТҰ-да телекоммуникациялық инфрақұрылымның, соның ішінде корпоративтік деректер беру желісінің (КДБЖ) үздіксіз әрі тиісті жұмыс істеуін бақылауды және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
22) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
23) Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жоспарлау мен есепке алуды қамтамасыз етеді.
24) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
25) Қоғамда пайдаланылатын корпоративтік жүйелерге техникалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және жасалған шарттар бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
26) Серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен перифериялық құрылғылар мен оргтехниканы уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету үшін техникалық ресурстарды жоспарлауды және жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
27) АТ сервистердің (электрондық пошта, веб-сайт, портал, интернет, телефония және т.б.) үздіксіз жұмыс істеуін басқаруды қамтамасыз етеді.
28) Қоғамның ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
29) Қоғамдағы кәсіпорын архитектурасының элементтерін біріктіру процесіне бақылау жүргізеді.
30) Қоғамда бизнес-процестерді модельдеуді үйлестіруді қамтамасыз етеді.
31) Қоғамның менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуін бағалау және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
32) Қоғамдағы менеджмент жүйесінің (КСМ) жұмысқа қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз етеді.
33) ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 37001 стандарттарының талаптарына сәйкес Қоғамда ішкі аудиттер жүргізуді қамтамасыз етеді.
34) Қоғам мен контрагент арасында жасалған шарттық міндеттемелердің орындалуы негізінде сәйкестік аудиттері – сертификаттау, қадағалау және қайта сертификаттау аудиттерін жүргізуді қамтамасыз етеді.
35) ЕТҰ-дағы менеджмент жүйесінің нәтижелілік көрсеткіштерін мониторингілеуді қамтамасыз етеді.
Жоғары техникалық білім (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, менеджмент саласында);
Менеджмент саласында МВА дәрежесінің немесе қосымша кәсіби білімнің болуы құпталады;
COBАТ 5 Foundation және IPMA Certified Project Management Associate Level C/PMI Certified Professional in Project Management / Prince2 Foundation сертификаттарының болуы;
ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 37001 стандарттары бойынша білімі бар екендігін растайтын сертификаттардың болуы.Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 7 жыл.
Қоғамда функционалдық бағыт шеңберінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар ішкі кандидаттар мен кадрлық резервке енген қызметкерлерден басқа, кемінде 3 жыл кәсіби қызмет бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі болуы тиіс.Инновациялық бизнес-шешімдер мен озық АТ технологияларды әзірлеу және енгізу тәжірибесі.
ERP жүйелерін табысты енгізу және сүйемелдеу тәжірибесі.
Компания құнын арттыруға бағытталған жобаларға, сондай-ақ АТ және цифрландыру жобаларына қатысудағы табысты тәжірибесі.
ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және ISO 37001 халықаралық стандарттарын білу.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері саласындағы ISO, СТ РК, АТIL, АТSM, COBАТ, TOGAF сияқты әдіснамалар, стандарттар мен тәжірибелерді білу және олармен жұмыс істеу тәжірибесі.
Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы білім мен сәтті тәжірибе.
АТ және байланыс саласындағы білім, қазіргі заманғы АТ-функцияларды құру мен басқару қағидаттарын, сондай-ақ АТ-ны ұйымдастыру мен қолданудың үздік әлемдік тәжірибесін түсіну.
АТ саласындағы жобаларды басқарудың сәтті тәжірибесі.
АТ қызметтері мен процестерін басқарудағы заманауи жетістіктерді білу.
Ақпараттық қауіпсіздік, тәуекелдерді бағалау және басқару саласындағы негізгі қағидаттарды білу.
Цифрландыру және бизнесті трансформациялау саласындағы әдістер мен әдіснамаларды білу.
Электр энергетикасы саласындағы өнімдер мен қызметтерді білу.
Экономикалық жоспарлау әдістері мен құралдарын білу.
Ақпараттық технологиялар стратегиясын әзірлеу дағдылары.
АТ жобаларын жоспарлау, өзектендіру, талдау және олардың тиімділігін бағалау дағдылары.
АТ қызметтерді (электрондық пошта, веб-сайт, портал, интернет, телефония және т.б.) үздіксіз қамтамасыз ету процестерін жоспарлау дағдылары.
АТ қызметтерінің портфелін қалыптастыру, АТ қызметтеріне деген қажеттілікті айқындау және SLA келісімдерін әзірлеу дағдылары.
АТ жобаларды енгізу бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бюджеттерді уақтылы жоспарлау, келісу және түзету дағдылары.
АТ саласындағы операциялық тұжырымдамалар мен оларды іске асыру бағдарламаларын жетілдіру дағдылары.
Іскерлік хат алмасу дағдылары.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентация жасау дағдылары.
Команданы басқару және жұмылдыру дағдылары.
Өзгерістерді басқару дағдылары.
Стратегиялық жоспарлау дағдылары.
Командалық жұмыс істеу қабілеті, коммуникативтілік және өзара ынтымақтастыққа ашықтық.
Тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді шешімдерге ұмтылу).
Оңтайландыру жобаларының ішкі портфелін әзірлеу, іске асыру және бақылау дағдылары.
Ағылшын тілін білуі.
Қажетті қабілеттер
- Навыки управления изменениями
- ) Навыки деловой переписки.
- - Навыки стратегического планирования.
- 7) Знание английского языка.
- 9) Навыки ведения эффективных переговоров (умение убеждать, ориентация на поиск обоюдной выгоды).
- Опыт разработки и внедрения инновационных бизнес-решений, передовых ИТ технологий;
- Успешный опыт внедрения и сопровождения ERP систем
- Успешный опыт в проектах по повышению стоимости компании/проектах ИТ, цифровизации
- Знание международных стандартов ISO 9001, 14001, ISO 45001, ISO 50001 и ISO 37001
- Знания и успешный опыт в области оптимизации и автоматизации бизнес-процессов;
- Успешный опыт управления проектами в области ИТ
- Знания современных достижений в области управления процессами и сервисами ИТ
- Знание основных принципов в области Информационной безопасности, оценки и управления рисками
- Знание методик/методологий в области цифровизации, трансформации бизнеса
- Знание продуктов и услуг в сфере электроэнергетической отрасли
- Знание методов и инструментов экономического планирования
- Навыки разработки информационно-технологической стратегии
- Навыки планирования, актуализации, анализа и оценки эффективности ИТ проектов
- Навыки разработки портфеля ИТ-услуг с определением потребности в ИТ-услугах, SLA
- Навыки совершенствования операционных концепций и программ реализации в сфере ИТ
- Навыки публичного выступления и презентации
- Навыки управления и мобилизации команды
- Навыки работы в команде, коммуникативность и открытость к сотрудничеству
- Навыки разработки, реализации и контроля Подпортфеля проектов оптимизации
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман