Жылу және су жабдықтау учаскесінің шебері
"ШалкияЦинк" LTD АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. Өндірісті ұйымдастыру
- Құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша ағымдағы өндірістік жоспарлауды ұйымдастырады;
- Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша учаскенің өндірістік қызметі туралы есептілікті уақытында дайындауды ұйымдастырады;
- Құрал-жабдықтардың және басқа негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- Жөндеу кестелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу кезінде қауіпсіз және денсаулыққа зиянсыз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
2. Учаскенің қызметін бақылау
- Құрал-жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында бөлімшенің жұмысын үйлестіреді;
- Жылу және су жабдықтау құбырларының техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде материалдардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
3. Учаскедегі жабдықтарды жөндеу басқару
3. Учаскедегі жабдықтарды жөндеу басқару
- Өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Жабдықтардың жұмысын қамтамасыз етеді, уақытында диагностика, ақауларды анықтау және жою;
- Негізгі және айналым құралдарының тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Жабдықтардың қосалқы бөлшектерінің жеткізілімін бақылауды, олардың сапасын тексеруді және өндіріс қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
4. Техникалық құжаттаманы қарастыру және келісу
- Профилактикалық жөндеу кестесін әзірлейді;
- Жылу маусымына дайындық шараларының жоспарын әзірлейді;
- Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтағаннан кейін атқарушы құжаттама мен есептілікті әзірлейді;
- Техникалық құжаттаманы басшылықпен және басқа бөлімдермен келіседі;
- Өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді.
5. Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау, экология және өндірістік санитария
5. Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау, экология және өндірістік санитария
- Жобалық, конструкторлық және технологиялық тәртіпті, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау бойынша бақылауға қатысады.
- Учаскенің жауапкершілігі шегінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қорғау, экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария нормалары мен талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
6. Учаскенің жұмысын үйлестіру
- Учаске қызметкерлері арасында жұмыстарды нарядтар мен бұйрықтарға сәйкес бөледі;
- Техникалық құжаттамаға сәйкес ай сайынғы ППР кестесіне сәйкес жұмыстарды бөледі;
- Техникалық құжаттамаға сәйкес ППР кестесін құрастырады.
7. Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету
- Қызмет саласында тәуекелдерді уақытында және толық анықтауды бақылауды жүзеге асырады;
- Тәуекелдердің, нақты немесе әлеуетті, теріс үрдістердің пайда болу мүмкіндіктерін анықтайды, тәуекелді күшейтетін факторларды талдайды және болжамды шығындардың ауқымын бағалайды;
- Тәуекелдерді алдын алу және оларға жауап беру жолдарын іздейді;
- Тәуекелдерді жою және ықтимал жағымсыз салдарын азайту бойынша іс-шаралардың орындалуын мониторингтейді, жоғары тұрған басшыға хабарлайды;
- Лауазымдық міндеттерді орындау барысында қол жеткізілген ақпаратты пайда алу мақсатында, соның ішінде делдалдар арқылы пайдалануға жол бермейді;
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы басшылыққа хабарлайды;
- Учаскеде парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Жылу техникасы, механика инженері мамандығы бойынша жоғары кәсіби/техникалық білім
- Кемінде 3 жыл кәсіби тәжірибе
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу
Шарттар:
- Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру;
- Кандидаттарды конкурс арқылы таңдау;
- Жұмыс кестесі 5/2;
- Жұмыс орны: Шалкия кенті, Жанакорган ауданы, Қызылорда облысы
Ұқсас вакансиялар

Санатсыз /2-санатты/1-санатты техник-зертханашы № 49-04-05/742 от 08.04.2025-4 ед. Научный центр
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
05.06.2025 | 870

0,5 бірліктегі энергетик, 0,5 бірліктегі механик № 49-04-05/725 от 07.04.2025-1 ед. Научный центр
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
05.06.2025 | 676

Сынақ орталығының қоршаған ортаны қорғау тобының 2-3-4 разрядты газдар мен шаңды талдау жөніндегі зертханашысы (20.02.2025 ж. 47-05-08/1119) - 1ед. Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
03.06.2025 | 831