Стратегия, жобалау әдіснамасы және тәуекелдерді басқару қызметінің сарапшысы (аутстаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
397

   Конкурс туралы
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі.
Техникалық / қаржылық-экономикалық / гуманитарлық. 
Келесі сертификаттардың біреуін алу бойынша сертификаттың бар болуы немесе тапсыру үдерісінде болуы (кемінде 1 емтихан / деңгей тапсырылуы тиіс) немесе солардың бірін тапсыруға дайындық бойынша оқудан өту: 
1) The Professional Risk Manager,
2) Financial Risk Manager
3) Chartered Financial Analyst,
4) Сертификация CIMA,
5) Сертификация ACCA,
6) Сертификация CIPA,
7) Project Management Professional, PMI PMBOK,
8) Сертификация PM IPMA,
9) Тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық ISO 31000 сертификаты,
10) Operational Risk Manager,
11) Certified Internal Auditor.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі:
Кемінде 6 жыл.
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:
Кемінде 3 жыл.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі: қажет емес.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Қазақ тілін білу;
Тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық стандарттарды білу (COSO ERM, ISO 31000);
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздерін білу;
Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын білу;
Қазақстан Республикасының Экономикалық, салық және банк заңнамасы және реттеу, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібін реттейтін заңнама саласындағы білім;
Тәуекел-менеджмент (оның ішінде инвестициялық, қаржылық және операциялық тәуекел-менеджмент), сақтандыру, ішкі бақылау жүйесі және Қызметтің үздіксіздігі саласындағы кәсіби білім;
Жобаларды басқару және инвестициялық жоспарлау саласындағы кәсіби білім;
Экономика және / немесе қаржы саласындағы кәсіби білім;
Стратегиялық жоспарлау саласындағы тереңдетілген практикалық білім;
Корпоративтік басқару саласындағы процестер мен рәсімдерді білу;
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының тәуекелдерді басқару жүйесі және әдіснамасы саласындағы тереңдетілген практикалық білім;
Ағылшын тілін білу (жақсырақ).
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу, ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы есепке алу және жүргізу дағдылары;
- Компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде сендіру дағдылары;
- Келіссөздер жүргізу дағдылары, пікірталастарға, жұмыс топтарына қатысу;
- Шығармашылық ойлау дағдылары және шығармашылық идеяларды қалыптастыру;
- Процестерді оңтайландыру және автоматтандыру дағдылары;
- Функционал шеңберінде жедел шешім қабылдау дағдылары.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
- Серіктестіктің тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ), ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) және қыхмет үздіксіздігі жүйесі (ҚҮЖ) бойынша ішкі құжаттарын әзірлейді, өзектендіреді, үнемі жетілдіреді және белгіленген тәртіппен уақтылы бекітуді қамтамасыз етеді;
- Серіктестіктің органдары мен комитеттеріне қарауға ұсынылған мәселелер бойынша тәуекелдердің болуына жүргізілген талдау негізінде сараптамалық қорытындылар дайындайды;
- Серіктестіктің, ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының жобаларын сүйемелдейді және сараптамасын жүргізеді (жобалық тәуекелдерге талдау жасап, бағалайды, сараптамадан өткізеді, қаржы-экономикалық үлгілерді әзірлейді және сараптайды және т.б.);
- Жобалық басқару бойынша әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
- Тәуекелдерді басқару процесінің барлық деңгейдегі қатысушыларына әдістемелік көмек көрсетеді, соның ішінде тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың әдістері мен құралдарының бірыңғай түсінігін қалыптастырады, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша тұрақты түрде оқыту іс-шаралары мен дөңгелек үстелдер өткізеді;
- Серіктестіктің тәуекелдеріне талдау жасау, тәуекелдерді басқару жөніндегі Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты және корпоративтік сақтандыру бағдарламасын ұйымдастыру мәселелерін (болған жағдайда) ұсыну үшін Серіктестіктің Бақылау кеңесінің отырыстарына қатысады;
- ҚМГ және Оператор компаниялардың техникалық инспекцияларына/аудиттеріне, кеңестеріне, комитеттеріне, жұмыс топтарына қатысады;
- Инвестициялық және қаржылық тәуекелдерді анықтайды, сандық бағалау жүргізеді және мониторинг жасайды;
- Серіктестіктің инвестициялық және қаржылық тәуекелдері бойынша тарихи және статистикалық деректер базасын қалыптастырады;
- Инвестициялық және қаржылық тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
- Құрылымдық бөлімше, ҚМГ ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар жүргізетін аудиттерді ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі;
- Құрылымдық бөлімше, Тексеру комитеті/Тексеруші (болған жағдайда), ҚМГ ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар жүргізген аудиттердің нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына кейінгі бақылау және мониторинг жүргізеді;
- Тәуекелдер тізілімін, тәуекелдер картасын, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, негізгі тәуекел индикаторларын әзірлейді және өзектендіреді;
- ҚМГ-нің ұйымдық және орнықты даму саласындағы Стратегиясы мен Саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- Серіктестіктің даму стратегиясын әзірлейді, өзектендіреді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Серіктестіктің негізгі бизнес-процестеріне орнықты дамудың құндылықтарын, мақсаттары мен қағидаттарын енгізеді, Серіктестікте орнықты даму мәдениетін арттырады.
Ерекше шарттар: жоқ.





Қажетті қабілеттер

  • Знание международных стандартов в области риск-менеджмента (COSO ERM, ISO 31000);