Жеңіл автокөлік жүргізушісі

"Ақтау" Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы Бейнеу а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
425

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу принципі және жұмысы; ақауларды анықтау және жою белгілері, себептері, тәсілдері; автомобильге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың көлемі, кезеңділігі және негізгі қағидалары; автомобильдің жөндеу аралық жүгірістерін ұлғайту тәсілдері; далалық жағдайларда автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері; автомобиль шиналар мен аккумуляторлық батареялардың қызмет ету мерзімі; радиобайланыс құралдарын пайдалану ережесі; қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктері.

Талаптар:

  • Білім; Жалпы орта білім/ Техникалық және кәсіптік білім/ Колледж
  • Салалық қызметтегі жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес
  • "QazaqGaz "ҰК" АҚ компаниялар тобында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Жүргізуші куәлігінің болуы (категория В).
  • Кандидаттың Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында фактілік тұруы.

Шарттар:

  • Жарақат алған жағдайда алғашқы (медициналық) көмек көрсету, автокөлікте алғашқы (медициналық) көмек көрсету үшін медициналық қобдиша болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдары; тек тапсырылған жұмысты орындау және оны рұқсатсыз басқаға бермеу, жұмыс кезінде мұқият болу, алаңдамау және басқаларды алаңдатпау, жұмыс орнына жұмысқа қатысы жоқ адамдарды жібермеу, жұмыс орнын таза және тәртіпте ұстау;
  • Еңбек міндеттерін, лауазымдық нұсқаулықта көзделген сапалы және уақтылы орындау;
  • Іскерлік қарым-қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;
  • Компания филиалының мүлкіне ұқыпты қарау;
  • Еңбек келісімінің және Компанияның басқа актілерінің талаптарын сақтау.