Адам ресурстарын басқару департаменті кадрлық әкімшілік ету секторының маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
84

Қаралған саны:
682

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) орталық аппарат және операторлық қызметтер департаменті жұмыскерлерінің жеке құрамы бойынша бұйрықтардың жобаларын даярлау;  

2) орталық аппарат және операторлық қызметтер департаменті жұмыскерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;

4) Qsamruk.kz рекрутингілік платформасымен жұмысты жүзеге асыру;

5) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) SAP R/3  автоматтандырылған жүйесінің HR модулінде орталық аппарат  жұмыскерлерінің дербес деректерін жүргізу және өзгерту;

6) орталық аппараттың және операторлық қызметтер департаментінің жұмыскерлеріне жұмыс орнынан анықтамалар беру;

7) құжаттарды қалыптастыру және архивке тапсыру;

8) бөлімнің іс қағаздарын жүргізу;

9) кадрлық әкімшілік ету мәселелері бойынша хат алмасу жүргізу.

Талаптар:

кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім;

мамандығы бойынша кемінде 2(екі) жыл жұмыс өтілі.