Сатып алулар мен маркетингті ұйымдастыру қызметінің жетекші маманы

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
363

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (сатып алу жоспарын, ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын әзірлеуге қатысу, оларға өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу, тендерлік құжаттаманы дайындау, ашық, екі кезеңді тендер, баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуларды өткізу туралы хабарландыруларды және шешімдерді дайындау);

  • Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі арқылы электрондық сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

  • Сатып алулар процесін уақтылы және сапалы жүзеге асыру және Сатып алуларды жүзеге асыру тәртібін сақтау;

  • Мемлекеттік органдарға/компанияларға, «Самұрық-Қазына» АҚ-на есептер, анықтамалар, хаттар, презентациялар, электрондық есептілік және сатып алулар саласындағы өзге де материалдарды дайындау;

  • Қызметтің іс жүргізуін белгіленген тәртіппен жүргізу;

  • Ішкі және сыртқы маркетингтік зерттеулерді жүргізу.


Талаптар:

  • Жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім;

  • Кәсіби салада кемінде 5 жыл, оның ішінде сатып алу саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі (басымдық «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеген үміткерлерге беріледі);

  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу (ағылшын тілі – орта деңгейде);

  • «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар веб-порталында ақпаратты орналастыру тәжірибесі;

  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуларды жүзеге асыру тәртібін білу.


Іскерлік және техникалық коммуникация:

  • Техникалық және есептік құжаттаманы дайындау және презентация жасау дағдылары;

  • Келіссөз жүргізу дағдылары, іскерлік хат алмасу жүргізу;

  • Ағылшын тілін техникалық құжаттаманы оқи алатындай деңгейде білу (қалаулы).


Ақпараттық технологиялар:

  • MS Office, Excel сияқты кеңселік бағдарламаларды терең меңгеру;

  • Құжат айналымы жүйелері мен электрондық құжат айналымы жүйелерін білу.


Жұмыс шарттары:

  • 5/2 жұмыс кестесі, жұмыс уақыты 09:00–18:30, түскі үзіліс 13:00–14:30;

  • Әлеуметтік пакет;

  • Медициналық сақтандыру.