келісімшарттар және жергілікті қамтымды дамыту департаменті жергілікті қамтымды жоспарлау және мониторингі бөлімінің бастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
112

Қаралған саны:
855

   Конкурс туралы
Міндеттер:

бөлімге басшылық ету;

сатып алулар веб-порталы электрондық сатып алулар жүйесі бас пайдаланушысының міндеттерін орындау (рөлдерді тағайындай отыра, жаңа пайдаланушыларды қосу (шығару), электрондық сенімхаттарды қалыптастыру, сатып алулар мен шарттар бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау, архивтік деректермен жұмыс; бірінші басшы ауысқан кезде сатып алулар порталының техникалық қолдауына өтінімдерді жіберу, сатып алулар порталының техникалық қолдауына түрлі өтінімдер, сатып алулар порталының бүкіл хабарламаларына жалпы мониторинг жүргізу және т.б.);

Қоғамның веб-сайтында және сатып алулар веб-порталында сатып алулар бойынша орналастырылатын ақпаратқа мониторинг және бақылау жүргізу;

тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспарының (жоспарларының) (бұдан әрі – Сатып алулар жоспары) дайындалуын, келісілуін және бекітілуін бақылау, құрылымдық бөлімшелердің қызметтік жазбалары негізінде Сатып алулар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

Сатып алулар жоспары орындалуына мониторинг жүргізілуін бақылау;

сатып алулар саласындағы қолданыстағы нормалар дұрыс қолданылуы мақсатында сатып алулар саласындағы заңнаманы түсіндіру, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен басшылығына кеңес беру;

хабарламалармен/ұйғарымдармен танысу және жұмыста есепке алу мақсатында порталға мониторинг жүргізу;

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) сатып алу жоспарлары қалыптастырылуы кезінде өтінімдерді келісу, оның ішінде, өтінімдердің Қоғамның сатып алу қызметін реттейтін нормаларға сәйкес келуін тексеру, ТЖҚ жеткізу орындары, сатып алуларды жүзеге асыру орындары, сатып алулар тәсілдерінің, сатып алулар басымдылығы, төлем шарттары, сатып алулар мәнінің, ТЖҚ БНА кодының сәйкестігі және т.б. дұрыс толтырылуын тексеру;

сатып алулар жоспарын тиісінше қалыптастыру және сатып алулар жоспарының позициялары Қоғамның сатып алу қызметін реттейтін нормаларға сәйкес келуін қамтамасыз ету (сатып алу тәсілдері, жеткізу орындары, сатып алуларды жүзеге асыру орындары, сатып алулар басымдылығы, төлем шарттары, сомалар, ТЖҚ БНА кодтарының сәйкестігі);

Қоғамның сатып алуларындағы жергілікті қамтымға мониторинг жүргізу, Қоғамның сатып алулары туралы жасалған шарттар шеңберінде жергілікті қамтым жөніндегі есептілікті жасау және ұсыну;

жасалған шарттар бойынша міндеттемелер уақтылы орындалуы бөлігінде шарттарға мониторинг жүргізу және контрагенттер жергілікті қамтым бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда әкімшілер айыппұлдар мен өсімақыларды тиісінше ұстап қалуын бақылау;

контрагенттер жергілікті қамтым бойынша шарт талаптарын орындауы бөлігінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу шарттары бойынша төлемдерді қарау және келісу;

Департамент жетекшілік ететін шығыстар баптары бойынша бюджеттік жоспарлау қалыптастырылуын қамтамасыз ету/бюджетті түзету;

Қоғамның сатып алу қызметі жөніндегі есептілікті жасау және уәкілетті орган мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа ұсыну.

Талаптар:
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім;
Мамандық бойынша жұмыс өтілі 4 (төрт) жылдан кем емес

Қажетті қабілеттер

  • сбор, систематизация и анализ информации;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)