Əлеуметтік ресурстар басқарма бастығы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
378

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Әлеуметтік ресурстар басқармасына (бұдан әрі – ӘРБ) басшылық етуді және оның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру; • Серіктестік жалға алынған үй-жайларының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру; • Серіктестік құрылымдық бөлімшелерін қажетті офистік жиһазбен және басқа мүкәммалмен уақтылы қамтамасыз етуді бақылау; • Шаруашылық-әкімшілік мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру, талдау және есептілік жүргізу, материалдық-жауапты тұлғаларға құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу; • Делегацияларды және қызметтік іссапарларға келген адамдарды қабылдауды, тіркеуді және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жәрдем көрсету; • Еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен гигиена талаптарын, өртке қарсы, аварияға қарсы қауіпсіздік талаптарын және жұмыс берушінің басқа да актілерін сақтау және сақтауын бақылау; • Өз құзыреті шегінде аралас құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жұмыс істеу; • Жалға алынған үй-жайларда ұсақ жөндеулер жүргізілген жағдайда, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасына белсенді қатысу және бақылауды жүзеге асыру және орындалған жұмыстарды қабылдау; • Жауапты тұлғаның функцияларын орындау:  ӘРБ қатысты бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру;  құжаттарды жөнелту және олардың сақталуы бойынша уақтылы және сапалы орындауды қоса алғанда, бөлімдерде іс жүргізуді ұйымдастыру;  тікелей басшының барлық қажетті тапсырмалары мен тапсырмаларын, сондай-ақ Серіктестік Бас директорының ӘРБ жұмысына байланысты нұсқаулары мен өкімдерін орындау;  орындалған міндеттердің барысы немесе анықталған сәйкессіздіктер туралы басшылықты хабардар ету және оларды жоюда бірлескен шешім табу. • Өртке қарсы іс-шараларды орындауға және өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде ұстауға жәрдем көрсету; • ӘРБ бюджетін жүргізу, шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылау; • Бюджет шеңберінде корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру; • Лауазымға сәйкес ӘРБ-на қатысты корпоративтік қызмет көрсетуге шарттарды толықтай бақылау (Шарттарды жасасуға/ұзартуға / өзгертуге құжаттарды уақтылы беру, қызметтерді немесе тауарларды сатып алуға техникалық тапсырманы дайындау, жеткізушілердің техникалық тапсырманың сәйкестігіне техникалық талдау жасау, шарттық міндеттемелерді орындаудың сақталуын бақылау); • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Серіктестік басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау; • Серіктестік басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау ; • Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау ; • Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестік басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестік басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестік өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестік тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);

Білім:

• Жоғары техникалық, экономикалық білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Шарттық және сатып алу құжаттамаларын білу; • Жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы білім; • Бюджетті басқару; • 1С, ЭҚЖ – электрондық құжат айналымының жүйесі;

Қосымша:

• Ақпаратты жазбаша және ауызша баяндаудың, назар аударудың, ақпарат берудің тамаша дағдылары; • Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу

Білетін тілдер:

• Қазақ және / немесе орыс тілдерін білуі – еркін; • Ағылшын тілін білу-орта деңгей;