Сметалық-келісімшарттар бюросының күрделі құрылыс және қайта құру бөлімінің санаты жоқ инженер-құқықтық инженері/ 2-разряд/ 1-санат (19.05.2025 ж. No 28-00-05/1051) Өскемен қаласы – 1 бірлік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
192

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік материалдарды қадағалайды және жұмыс процесінде қолданады; 2. НҚҚБ құзыреті шегінде «ҮМЗ" АҚ өткізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттаманы қалыптастыру үшін инвестициялық жобалар, күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша сметалық құжаттаманы әзірлейді; 3. Әзірленетін сметалық құжаттаманың нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді; 4. Жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттардың жобаларын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады (өз құзыреті шегінде); 5. НҚҚБ құзыреті шегінде «ҮМЗ» АҚ өткізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттаманы қалыптастыру үшін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын жасайды; 6. Қазақстан Республикасының заңнамасына және сатып алуды өткізуге қолданыстағы қағидаларға сәйкес өнім берушілерді таңдау нәтижелері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, НҚҚБ құзыреті шегінде бөгде ұйымдармен шарттарды ресімдейді (дайындайды және келіседі); 7. Қолданыстағы контрагенттер бойынша жасалған шарттар бойынша деректерді қолданыстағы оқу бағдарламалық кешеніне енгізуді жүзеге асырады; 8. Қолданыстағы оқу бағдарламалық кешеніне жаңа контрагенттер бойынша деректерді енгізуді жүзеге асырады; 9. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелері мен бөгде ұйымдар төлеуге ұсынатын орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді және бақылайды; 10. Жасалған шарттар бойынша мердігерлер орындаған жұмыстар құнының сәйкестігін бақылайды; 11. Объектілер бойынша бекітілген сметалық лимиттердің бөлінуін бақылайды және есепке алуды жүргізеді; 12. Оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "ҮМЗ" АҚ бөлімшелерінің, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын Бөгде ұйымдардың сметалық-шарттық құжаттаманы жасау жөніндегі сметашыларын бақылайды; 13. Актілерді объектіні салу процесінде туындайтын қосымша жұмыстарға қосымша сметалар жасау үшін жобалау ұйымына береді; 14. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестік бөлігінде жобалау ұйымдарынан келіп түсетін сметалық құжаттаманы тексереді; 15. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша (өз құзыреті саласында)белгіленген есептілікті жасайды және жүргізеді; 16. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады; 17. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды; 18. Өзінің тікелей басшысының қызметтік тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды; 19. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды; 20. Құпиялылық режимінің, өткізу және нысанішілік тәртіптің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың талаптарын сақтайды; 21. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау талаптарын сақтайды.

Білім:

Санаты жоқ инженер-сметашы – жоғарғы техникалық; 2-санатты инженер-сметашы/ 1-санатты инженер-сметашы – жоғарғы техникалық.

Дағдылар:

Сыртқы ресурстан қабылдаған кезде: санаты жоқ инженер-сметашы – талап қойылмайды; 2-санатты инженер-сметашы / 1-санатты инженер-сметашы ҚР аумағында қолданыстағы сметалық баға түзу бойынша бағдарламалық кешендерде жұмыс істей алуы тиіс. Ішкі ресурстан ауыстырған кезде: санаты жоқ инженер-сметашы – талап қойылмайды; 2-санатты инженер-сметашы / 1-санатты инженер-сметашы білуі тиіс: • өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрттік қауіпсіздік және өндіріс мәдениеті бойынша ережелердің, нормалардың және нұсқаулықтардың талаптарын; • тәртіптік талаптар, өту және нысанішілік тәртіп, мемлекеттік, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, қызметтік және коммерциялық құпиялар. Санаты жоқ инженер-сметашы: ДЭЕМ және басқа оргтехника құралдарын пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданылатын сметалы баға түзу бойынша арнайы бағдарламалармен ДК жұмыс жасау; 2-санатты инженер-сметашы: ДЭЕМ және басқа оргтехника құралдарын пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданылатын сметалы баға түзу бойынша арнайы бағдарламалармен ДК жұмыс жасау. Сызбалар мен специйикацияны оқу, сметалық құжаттаманы, іскери хатты әзірлеу, тексеру дағдылары инженер сметашы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; Инженер-сметчик 1 категории: ДЭЕМ және басқа оргтехника құралдарын пайдаланушы деңгейінде игеру. ҚР қолданылатын сметалы баға түзу бойынша арнайы бағдарламалармен ДК жұмыс жасау. Сызбалар мен специйикацияны оқу, сметалық құжаттаманы, іскери хатты әзірлеу, тексеру дағдылары. 2-санатты инженер сметашы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары** Жұмыс және демалыс режимі: - 5 күндік жұмыс аптасы сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі; Болжамды еңбек ақы мөлшері: Санаты жоқ 251 389 теңге бастап 439 680 теңге дейін; 2 -санатты 276 528 теңге бастап 483 648 теңге дейін;; 1 –санатты 304 180 теңге бастап 532 013 теңге дейін; Тағылымдама - белгіленбейді Бос жұмыс орны мүгедектігі бар үміткерлер үшін қолжетімді - жоқ

Білетін тілдер:

-