«Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас экономисі
ТОО "Теміржолсу-Кзыл-Орда" Қызылорда облысыҚұрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қажетті құжаттаманы дайындайды (оның ішінде сумен жылумен жабдықтау тарифтерін бекіту үшін) және табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Департаментімен жұмыс жүргізеді;
- экономикалық ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу;
- кәсіпорынның штат кестесін қалыптастыру және өзгерту бойынша жұмыстарды орындау;
- экономикалық құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді;
- ақшалай қаражат бюджеттерінің және шығыстар сметасының атқарылуы туралы жоспар мен есепті жасауды, қажетті экономикалық және статистикалық есептілікті дайындауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді;
- пайданы ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындау;
- кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік қызметі нәтижелерінің экономикалық көрсеткіштерінің есебін жүргізу, сондай-ақ жасалған шарттарды есепке алу;
- кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру, өндіріс резервтерін анықтау, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
- экономикалық, статистикалық және басқарушылық есепке алу талаптарына сәйкес Экономикалық есепке алу мен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыруға басшылық жасайды, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті экономикалық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар
