Портфель жетекшісі
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды талдау;
- жүзеге асырылып жатқан жобаларды мониторинг жүргізу;
- Компанияның инвестициялық жобаларынан «шығу» процесіне қатысу;
- M&A мәмілелерін құрылымдау;
- досьенің толықтығы мен дұрыстығын бақылау;
- жобалар бойынша тәуекелдерді басқару және комплаенс.
Талаптар:
- профильді салаларда жоғары білім: қаржы/ экономика/ бухгалтерлік есеп және аудит/ менеджмент, немесе менеджмент, стратегия, қаржы, корпоративтік басқару, заң саласында расталған жұмыс тәжірибесі бар техникалық/ заңдық білім;
- MBA дәрежесінің болуы және/немесе CFA (Level 1, 2) / ACCA «Fundamental / Базалық» / CMA / CIMA (P1, P2) саласында халықаралық сертификаттың болуы артықшылық;
- жобаларды басқару бойынша келесі сертификаттардың болуы: IPMA (D деңгейі және жоғары) / PMI (PMP «Professional» / PgMP) / Prosci / Prince2 «Practitioner»;
- инвестициялар/ қаржы/ ірі жобаларды жүзеге асыру/ бірігу және сатып алу мәмілелері/ активтерді қайта құрылымдау салаларында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- активтерді/инвестицияларды басқару, инвестиция тарту, қаржы, корпоративтік басқару, құқықтық қамтамасыз ету саласында ірі инвестициялық жобаларды, бірігу/сатып алу мәмілелерін, активтерді қайта құрылымдауды жүзеге асыру бойынша расталған тәжірибе;
- даму стратегиясын жүзеге асыру мониторингі, қаржылық-шаруашылық қызметтің есептері, қаржылық модельдер, аналитикалық анықтамалық және презентациялық материалдарды, тизерлерді, инвестициялық меморандумдарды дайындау, қаржыландыру тарту және стратегиялық инвесторлармен жұмыс тәжірибесі;
- қаржылық модельдер мен инвестициялық меморандумдарды әзірлеу, қарыздық қаржыландыру тарту және стратегиялық инвесторлармен жұмыс тәжірибесі;
- квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі, ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде білу артықшылық.
Шарттар:
- бәсекеге қабілетті жалақы;
- қызмет тиімділігіне байланысты мотивациялық өтемақы;
- Қор тобы ішінде өсу перспективалары және нетворкингті дамыту;
- медициналық сақтандыру;
- нәтижеге бағытталған кәсіби мамандардан құралған мықты команда;
- оқу және даму мүмкіндігі;
- астананың бизнес орталығында офис.