"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Қостанай бөлімшесі" филиалының Қостанай пайдалану вагон депосының 3 класты Арка станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы

от 437835
ВЧД-19 КОСТАНАЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группы Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
565

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • ТҚҰ өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасау;
  • поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және қызметкерлердің жеке қауіпсіздік техникасына бағытталған технологиялық процестің талаптары мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • техникалық қызмет көрсету кестелеріне сәйкес өңделетін жүк вагондарының тоқтап қалу нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • паркте және вагондарды ағымдық ағытып жөндеу кезінде, еңбек өнімділігін арттыру және қызмет көрсету құнын төмендету кезінде жылжымалы құрамға сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • вагондарды жөндеу жолына ағытудың дұрыстығын бақылау;
  • жүк вагондарын жинақтау жөніндегі жұмысты бақылау;
  • ақаулы вагондардың қалдықтарын ұстауды және олардың тоқтап қалу нормаларын бақылау, ақаулы вагондардың қалдықтарын азайту жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;
  • ТҚҰ-дағы вагон бөлшектерінің технологиялық қорының мазмұнын және оларды тұтыну нормаларының сақталуын қадағалау;
  • жабдықтың, энергетикалық шаруашылықтың техникалық жай-күйін, барлық учаскелердегі метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін бақылау;
  • паркте бар жабдықты дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, электр энергиясын, майлауды, қатты отынды үнемді жұмсау.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
  • Саладағы мамандығы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар), орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: нұсқаушы, шебер лауазымында кемінде 1 жыл, орта (техникалық және кәсіби) болған кезде: нұсқаушы, шебер лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж