«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Павлодар ЖТ бөлімшесі» филиалы (Нод-3) жүк тасымалдау бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк тиеу, түсіру және жергілікті вагон айналымы бойынша серіктестік бекіткен жоспарды орындау бойынша салалық станциялардан жүк операциялары бойынша мәліметтер жинау;
- филиалда жергілікті вагон айналымының есебін, сондай-ақ Екібастұз торабының көмір жолдарының нақты айналымы туралы ақпаратты жүргізу;
- филиал басшылығына және серіктестіктің жүктерін тиеу-түсіруді қамтамасыз ету бөліміне түсірудің техникалық жоспарының орындалуы, жергілікті вагонның айналымы туралы, өткен есепті күндерден түсіруге қалған вагондар туралы, оның ішінде толық мерзімде хабарлау;
- жүктерді түсіру және вагондардың тұрып қалуы мәселелері бойынша филиал басшылығымен кездесулердің хаттамаларын жүргізу және ресімдеу;
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «ҚТЖ» ҰК АҚ, «ҚТЖ» ЖШС – ГП, филиалының басшылығының ағымдағы нұсқауларын, телеграфтық нұсқауларын, бұйрықтарын мүлтіксіз орындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы саласындағы: Тасымалдауды, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстар, темір жол көлігіндегі көліктік логистика.
- Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес, келесі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі: тиісті бөлімнің инженері және тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдаушы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр