"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Спутник түйіспелік желі ауданың аға электромеханигі

358825 - 374943
Павлодарская дистанция электроснабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
372

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.Анықталған ақауларды тіркеу және оларды жоюды ұйымдастыру. Түйіспелік желі және ЖПК, ТП, КТП құрылғыларының ақаулығының алдын алу, тар жерлерді жою іс-шараларын жүзеге асыру; 
2. қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология ережелері бойынша қызмет көрсететін персоналдың нарядтарын, жұмыстарды жүргізуге өкімдерін және нұсқамаларын ресімдеу;
3. қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес поездарға ескертулер беру, электромеханиктер мен электромонтерлерге нұсқамалар жүргізу;
4. түйіспелік желі ауданы аға электромеханигінің қатысуын талап ететін күрделі жұмыстарды жүргізу кезінде жеке басшылық жасау, Қауіпсіздік техникасы мен орындалған жұмыстардың сапасы ережелерінің сақталуын кезеңдік тексеру;
5. Күтіп ұстау, ақауларды анықтау және оларды жоюды ұйымдастыру ережелеріне сәйкес токалғышты қарап, тексере отырып, жүріп өтіп аралау арқылы ДПР желісінің түйіспелік желі құрылғыларының жай-күйін тұрақты бақылау;
6. көлік-қалпына келтіру құралдарының (АДМ, АРВ, автоқұрамдар) тұрақты дайындығын қамтамасыз ету және оларды тиісті жай-күйде күтіп ұстау; авариялық қор нормаларына сәйкес олардың қажетті материалдармен, бөлшектермен жинақталуын қамтамасыз ету, автомотрисаның ТО-1, ТО-2, СТО, жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау;
7. машинистерге, ілесіп жүретін тұлғаларға нұсқамалар жүргізу, қызмет көрсетілетін телімде станциялардың ТӨА-сын зерделеуді ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша машинистермен және ілесіп жүретін тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу; 
8. отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану нормаларын сақтау және пайдалану-өндірістік қажеттіліктерге отын - энергетикалық ресурстардың өнімсіз шығыстарына жол бермеу мақсатында өздігінен жүретін жылжымалы құрамның, автокөліктің жұмысын жүзеге асырады; 
9. болмаған кезеңде дистанция директорының бұйрығына сәйкес қабылдап-тапсыру актісін жасай отырып, алмастыратын тұлғаға тауар-материалдық құндылықтарды тапсыруды жүзеге асыру;
10. қауіпті жұмысты тоқтату құқығын қолдану арқылы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру