АҚ «Вагонсервис» Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Алматы филиалының жолаушылар вагондарын жабдықтаудың 2 тобының шебері
- Құрылған күні:
-
06.05.2025
- Берілген өтінім:
- 3
- Қаралған саны:
- 478
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Техникалық сабақтарды, өндірістік нұсқамаларды өткізу, Еңбектің қауіпсіз тәсілдерін түсіндіре отырып, бастапқы, қайталама және жоспардан тыс, нысаналы нұсқамаларды уақтылы жүргізу, техникалық білім деңгейін арттыру мақсатында орындаушыларды тікелей жұмыс орындарында оқыту, ақауларды жоюды көрсету;
- еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін орындау;
- көмірдің, дизель отынының қажетті мөлшеріне өтінімдерді уақтылы жасау және беру, отынның тиелуін және түсірілуін бақылау, "Talgo" вагондары мен ҚХР өндіретін вагондардың дизель отыны мен сумен уақтылы жабдықталуын бақылау;
- цех қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындауына, жолаушылар вагондарын жабдықтау сапасының сақталуына тексеру жүргізу;
- көмірді, дизель отынын ұтымды пайдалану;
- көмірдің азайтылмайтын қорының болуын бақылау, көмір, дизель отыны қорларының сақталуын қамтамасыз ету, цехтың технологиялық жабдықтарын техникалық жарамды күйде ұстау;
- цех қызметкерлерінің жолаушылар вагондарын жабдықтау жөніндегі жоспарлы тапсырмаларды орындауы, жолаушылар вагондарын сапасыз немесе уақтылы жабдықтамау жағдайларын тексеру;
- есепті айдан кейінгі әрбір айдың 01-күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде материалдар мен қосалқы бөлшектер шығысының ай сайынғы есептерін жасау;
- отынды сақтауға бөлінген орындардан тыс сақтауға жол бермеуге;
- цех қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін жүргізуге, бекітілген еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес кезекті еңбек демалыстарын уақтылы беруге;
- бекітілген кестеге, жұмыскерлерді ауысым алдындағы куәландыруға сәйкес цех жұмыскерлерінің медициналық комиссиядан уақтылы өтуін қадағалау;
- демалысқа шыққан кезде, жеке еңбек шарты бұзылған кезде ТМҚ беру актісін жүргізуге, бекітілген жұмыскерлерге арналған цехта мүкәммалды, құралдарды және арнайы киімдерді есепке алуды жүргізуге;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар, вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Машина жасау
- Жұмыс тәжірибесі: слесарь, бригадир лауазымында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр