Сметалық құжаттама және баға мониторингі департаментінің сметалар бойынша директоры

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
2674

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Сметалық құжаттама және баға мониторингі департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жалпы басшылығын жүзеге асыру және қызметін ұйымдастыру, Департамент қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру, орындауға келіп түскен құжаттар мен тапсырмаларды Департамент қызметкерлері арасында бөлу;

  • Құрылыс шығындарының сметалық нормалауының негізгі мақсаттары, принциптері мен жалпы құрылымын айқындайтын қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкестігін талдау бойынша мерзімдер мен сапаны бақылауды қамтамасыз ету;

  • Жеке жобалық шешімдерге экономикалық баға беру және салыстыру;

  • Бөлінген инвестициялардың құрылымдық өзгерістерін талдау;

  • Жобалық (мердігерлік) ұйымдармен сметалық есептеулерде пайдаланылған сметалық құжаттаманың және прайс-парақтағы бағалардың дұрыс жасалуын, қолданыстағы нормативтік құжаттарға, нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкестігін тексеру;

  • Сараптамадан өткен сметалық құжаттаманы жобалық (мердігерлік) ұйымдардан қабылдау, тексеру және оны құрылыс мердігер ұйымдарына беру;

  • Жаңа нормативтер, бағалар, прейскуранттар, каталогтар, жинақтар, бірыңғай бағалар енгізілуіне байланысты сметалық құжаттамаға қажетті өзгерістерді уақтылы енгізу;

  • Сметалық құжаттаманың әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту сатысындағы сүйемелденуін қамтамасыз ету;

  • Сметалық құжаттама бойынша анықтамалар дайындау, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету;

  • Құзыреті шегінде үшінші тарап ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

  • Кәсіби және іскерлік біліктілікті үнемі арттыру;

  • Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру және олардың әлеуетін толық пайдалану үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдау;

  • Департамент қызметіне қатысты Серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • ҚР сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнамасын білу;

  • Лауазым мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер;

  • Еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;

  • ҚР ҚНжЕ мен ҚСН, ГОСТ, құрылыс саласындағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттар;

  • Жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамамен және техникалық регламенттермен/құжаттармен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;

  • Графикалық редакторлармен және сметалық құжаттама жасауға арналған арнайы компьютерлік бағдарламалық кешендермен (мысалы, АВС ЖЖ) жұмыс істей білу;

  • Құндық көрсеткіштер бойынша есептілікті жасай білу;

  • Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормативтер мен өзге де заңнамалық актілерді қолдану дағдыларына ие болу.

Білімі: Жоғары техникалық кәсіптік білім.
Тәжірибесі: Кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Тілдерді білуі: Ағылшын тілі – техникалық бейін бойынша іскерлік деңгейде, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Шарттар:

5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, түскі ас 13: 00-14: 30

Әлеуметтік пакет

Медициналық сақтандыру

Қажетті қабілеттер

  • - проведение необходимых расчетов;
  • cсметная программа АВС